Таразда ерте араласу орталығы ашылды
«Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен Тараз қаласында ерте араласу орталығы ашылды. Аталған орталық «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыруымен іске қосылды. Жамбыл облысытық көпбейінді балалар ауруханасының базасында ашылған орталықтың ашылуына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев, «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қамқорлық кеңесінің мүшесі Эльмира Алиева, "Қамқорлық" корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінова қатысты. Олар өз сөздерінде жобаның маңыздылығын айрықша атап өтіп, ерекше балаларға қолдау әркез жалғасатының жеткізді. - Өздеріңізге белгілі, өткен жылы Мемлекет басшысының бастамасымен «Қазақстан халқына» қоры құрылған болатын. Бүгінде қор – мемлекеттік қолдау шараларымен қатар, ел азаматтарының өміріндегі түрлі қиындықтарынан шығуына барынша көмек қолын созуда. Осы бағытта аймақта тиісті жұмыстар жүргізіліп, «Қазақстан халқына» қорының бастамасымен және «Самрұқ-Қазына», «Қамқорлық» қорлары арқылы 4,4 миллиард теңгеге 33 жоба іске асуда. Оның бір көрінісі – құны 306,6 млн. теңге болатын облыстық балалар ауруханасындағы осы «Ерте араласу орталығы». Бұл өз кезегінде облыстың әлеуметтік саласының дамуына мол серпін берді. Облыста бүгінде үш жасқа дейін 96 953 бала болатын болса, 970-сі орталық жүйке жүйесінің аурушаңдығына байланысты диспансерлік есепте. Бұл орталық балалар арасындағы жүйке жүйесіне байланысты ертерек болатын мүгедектіктің алдын алу шараларымен айналысатын болады. Сәбиге уақытында, дер кезінде медициналық көмек көрсету – оның болашағы мен ата-анасы үшін өте маңызды. Тәжірибелі мамандардың көмегі арқылы уақытында ем алу оң нәтиже берері сөзсіз,-деді Ербол Қарашөкеев. Орталықтарда оңалтушы дәрігер, арнайы педагогикалық, невролог, емдік-денешынықтыру нұсқаушы, эрготерапев, логопед жұмыс істейді. Мамандар әрбір нәрестемен жеке айналысып, қоғамға бейімдеу бағытында қызмет көрсетеді. Балалар озық үлгілі арнайы жабдық арқылы диагностикалық аудиологиялық және ми тексеруінен өтеді. Үш айдан үш жасқа дейінгі дамуында кінәраты бар балаларға арналған «Қамқорлық» ерте араласу орталығында жыл сайын 600 ерекше балаға оңалту шараларын жүргізіледі деп көзделуде.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Тазалық техникалары отыз пайызға жаңарды
- Бүгін, 03:10
Учаскелік референдум жұмысын қорытындылады
- 6 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді