Жаңалықтар
Қазақстан-Қытай комиссиясы экологиялық мәселелерді талқылады
- author «Ақ жол»
- 1 желтоқсан, 2023
- 246
Қазақстан-Қытай комиссиясы экологиялық мәселелерді талқылады
Бейнеконференция форматында Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комиссиясының оныншы отырысы өтті. Қазақстандық делегацияны еліміздің Экология және табиғи ресурстар вице-министрі, комиссияның қазақстандық бөлігінің тең төрағасы М.Ошурбаев, Қытай делегациясын сол елдің Экология және қоршаған орта министрінің орынбасары, Қытай бөлігінің тең төрағасы Чжао Инмин басқарды. Отырыс барысында Тараптар комиссияның тоғызыншы отырысынан кейінгі кезеңдегі жұмыстарға шолу жасап, қорытындылады. 2022-2023 жылдардағы жұмыстардың орындалуын растады және одан әрі ынтымақтастықты талқылады.
Тараптар Трансшекаралық өзендер суларының сапасын мониторингілеу жұмыс тобының, Талдау және бағалау, төтенше жағдайларға жедел ден қою және трансшекаралық өзендердің ластануының алдын алу жөніндегі жұмыс тобының қызметі туралы баяндамаларды тыңдады. Тараптар аталған топтардың өткен кезеңдегі жұмыс нәтижелерін қанағаттанарлық деп бағалады.
Атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша Тараптар комиссияның 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарын келісіп, бекітті. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комиссиясының оныншы отырысының хаттамасына қол қойды.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Тазалық техникалары отыз пайызға жаңарды
- 7 қазан, 2024
Учаскелік референдум жұмысын қорытындылады
- 6 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді