Басты жаңалық
ҚАЖ қызметкерлері кәсіби қызметтік дайындығын жетілдіруде
- author «Ақ жол»
- 1 желтоқсан, 2023
- 1.1k
ҚАЖ қызметкерлері кәсіби қызметтік дайындығын жетілдіруде
Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қай кезеңде де жауынгерлік деңгейі заман талабына сай болуы керек. Бұл ретте құзырлы органдар тәртіп сақшыларының кәсіби қызметтік дайындығын арттыру әрі тактикалық іс-қимылдарын жетілдіру мақсатында түрлі жұмыстар атқарылуда. Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты түзеу мекемелерінің басшы және жеке құрам қызметкерлері Жамбыл ауданындағы Айша бибі полигонында қоян-қолтық күрес, қалқан және резинка таяқшасымен жұмыс істеу секілді шеберліктерін шыңдады.
Бұдан бөлек, түрлі табельдік қарудан оқ атып, біліктіліктерін арттырды. Сондай-ақ, түрлі деңгейдегі элементтер арқылы аралас жаттығулар мен сынақ тапсырмаларын орындады.
Жалпы, мұндай жаттығулар әрбір қызметкердің жұмыс барысындағы жауапкершілігін артуына зор ықпал ететіні сөзсіз.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




