Басты жаңалық
«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы жалғасуда: Таразда Ақтаудан келген синтетика таратушы ұсталды
- author «Ақ жол»
- 29 қараша, 2023
- 328
«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы жалғасуда: Таразда Ақтаудан келген синтетика таратушы ұсталды
Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі таратты деген күдікпен 24 жастағы тұрғын ұсталды.
Оның тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде ұнтақ тәрізді консистенциялық заты бар буылған орамдар тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, ол жалпы салмағы 214,9 гр құрайтын «А-PVP» синтетикалық есірткі заты болып анықталды.
Ақтаулық азамат арнайы қосымша арқылы есірткіні қоятын орындардың координаттарын хабарлап отыратын жетекшінің нұсқауы бойынша әрекет еткен. Бірінші тапсырманы алғанға дейін ол жасырын орындарға белгі қоюға және фотоесеп жіберуге қашықтықтан оқып, үйренген. Орындалған жұмыс үшін оған криптовалютамен еңбекақы төленген.
Құрықтау кезінде күдікті тыйым салынған заттарды қалдырып үлгерген жасырын орындарды көрсетті. Күдік туғызбас үшін ол мекенжайларға жаяу барып жүрген.
Ер адам ата-анасының үйінен көшіп кетіп, арнайы жалдамалы пәтерде есірткі заттарын орамдарға буып-түюді жүзеге асырған.
Есірткі курьерін анықтау бойынша жедел іс-шараларды «Қарасора-2023» және «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында облыс ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізді.
- Ұсталған адам Тараз қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ол Маңғыстау облысының тумасы, 2 жыл бұрын Таразға көшіп келген. Еш жерде жұмыс істемейді. Есірткі құралдарын жеткізумен шамамен 2 ай бұрын айналыса бастаған. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігімен (есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау, тасымалдау) тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта жедел уәкілдер заңға қайшы әрекеттерге қатысы бар барлық адамдарды анықтау бойынша жұмыс жасауда, - деп атап өтті облыс ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.
Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді