Қылмыс хроникасы
2848 тұрғын айыппұл арқалады
Өңір полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде ұсақ құқықбұзушылықтар жасағандарды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Мәселен, шара барысында қаладағы шағынаудандардың біріндегі сауда орталығының жанында Жамбыл ауданының 61 жастағы тұрғыны темекі тұқылын белгіленбеген жерге тастағаны анықталған. Сондай-ақ, осы күні басқа сауда орталығының жанындағы такси тұрағында қоғамдық жерді ластаған 54 жастағы Тараз тұрғыны белгілі болған. Айта кетейік, бұл бұзушылықтар Тараз қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы анықталып отыр. Осылайша, қос ер адам Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 434-2-бабы (ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған бапта 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. Ал, бір жыл ішінде қайта бұзылған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Жамбылдық полицейлер жыл басынан бері бас-аяғы 2848 өңір тұрғынына айыппұл салған.Мас жүргізуші қамауға алынды
Тәртіп сақшылары «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолының 445 шақырымында жол ережесін бұзған «Mercedes-Benz» маркалы көлікті тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның алкогольдi iшiмдiк iшкенi байқалған. Ал, медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жүргізушінің «жеңіл» дәрежедегі масаң күйде болғаны расталды.
Бұл дерекке қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша хаттама толтырылып, сот шешімімен ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сондай-ақ, ол жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды. Жалпы, «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы бері автокөліктi масаң күйінде басқарған 26 жүргізуші әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылған.23 килограмға жуық есірткі сақтаған
Облыстық полиция департаментіне бағынысты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 54 жастағы меркілік азаматтың үйіне тінту жүргізу барысында сарайдағы жиналған шөптің астынан ішінде түрлі есірткі заттары бар 3 полиэтилен пакет тапқан. Оның ішінде, жалпы салмағы 22 килограмм 744 грамм «кептірілген марихуана» және 10 грамм «гашиш» болған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 296-бабының 4-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бүгінгі таңда ер адам өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.Алтын ұрлау дерегі анықталды
Қордай ауданының полиция бөліміне 41 жастағы жергілікті тұрғын шағымданған. Әйелдің айтуынша, алтын, күміс сататын дүкеннен белгісіз адам құны 250 мың теңге тұратын алтын сырғаларды ұрлағаны туралы хабарлаған. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс- шараларының нәтижесінде Алматы қаласының 26 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Бұл дерекке қатысты Қылмыстық Кодекстің 188-бабы 1-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.Есен ӨТЕУЛІ.
Ұқсас жаңалықтар
Жазасын өтеушілер дін саласының өкілдерімен кездесті
- 16 қазан, 2024
Тауар таңбасы заңмен қорғалады
- 8 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді