Басты жаңалық
Қордай ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірқатар сала мамандарымен кездесу өтті
- author «Ақ жол»
- 27 қараша, 2023
- 1.0k
Қордай ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірқатар сала мамандарымен кездесу өтті
Қордай ауданында мәдениет және спорт салаларының мамандарымен кездесу ұйымдастырылып, ауданның белсенді жастарына лекция өткізілді. Іс-шараларға департаменттің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Е.Бақтыхожаев пен бас маман А.Ажибаев қатысты.
Спорт саласының қызметкерлерімен өткен кездесуде Ербол Жұмақадырұлы түрлі салада кездесуі мүмкін жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеудің және онымен қоғам болып күресудің маңыздылығына тоқталып, спорт саласында білім алатын өскелең ұрпақтың бойында адалдық қасиеттерін қалыптастыру керектігін айтты.
Мәдениет саласымен өткен кездесуде тұрғындармен тікелей жұмыс жүргізетін сала мамандарына осы бағыттағы жұмыстарды біріге атқаруға шақырды. Сыбайлас жемқорлық жағдайларына жол бермеу әрбір азаматтың парызы екенін айтып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасқанда ғана осы дерттің алдын алуға болатынын жеткізді.
Ал «Қордай» гуманитарлық экономикалық колледжінде белсенді жастармен өткен кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың салдары түсіндіріліп, оған жол бермеудің маңыздылығы туралы айтылды.
Өткізілген кездесулерде арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев қазақстандықтарға Үндеу жасады
- 23 наурыз, 2026
Президент қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
- 21 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




