Басты жаңалық
Сарысу ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірқатар сала мамандарымен кездесу өтті
- author «Ақ жол»
- 27 қараша, 2023
- 646
Сарысу ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірқатар сала мамандарымен кездесу өтті
«Адалдыққа бір қадам» акциясы бойынша Сарысу ауданына жұмыс сапарымен барған Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Қ.Байгебаев білім және денсаулық сақтау салаларының мамандарымен кездесті.
Тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша жемқорлық тәуекелдері басым сала ретінде денсаулық сақтау және білім салалары көрсетілген.
Білім саласының қызметкерлерімен өткен кездесуде Қайрат Оразбекұлы білім саласында кездесетін жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың маңыздылығына тоқталды. Сыбайлас жемқорлық қарсы мәдениет қалыптасқанда ғана аталған дерттің алдын алуға болатынын жеткізді. Денсаулық сақтау саласы мамандарымен кездесу барысында тұрмыстық жемқорлықты жою керектігі, жемқорлық үшін жаза күшейтілгендігі туралы айтылды. Сонымен қатар, аудан кәсіпкерлерін жеке қабылдау ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында волонтер-заңгерлердің қатысуымен тегін консультациялық кеңес беру акциясы өткізілді. Онда сот орындаушы, адвокат, нотариус, заңгер мамандар келушілерге жиі көтерілетін өзекті мәселелер бойынша кеңес берді.
Ұқсас жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: биыл 800 мың тонна қоқыс қалдығы жиналды
- 4 желтоқсан, 2025
«Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді
- 3 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




