- Advertisement -

Жамбыл мұралары – жастарға тағылым

49

- Advertisement -

«Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы» «Жамбылтану» бөлімінің ұйымдастыруымен Дүниежүзілік жастар күніне арналған «Біз жанбасақ лапылдап» атты зиялы қауым өкілдерімен жастардың кездесуі өтті.

Балалар мен жасөспірімдерді және студент жастарды жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың көрмесімен таныстыру, болашақ ұрпақты адамгершілігі мол, инабатты, мейірімді, ізгі қасиеттерді бойына сіңірген, өз ұлтын, халқын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу, жастардың оқудан тыс бос уақыттарын тиімді пайдалану тақырыбында мамандардың ой-пікірлерімен бөлісу мақсатында өткен жүздесуде Жамбыл Жабаев мұралары мен патриоттық тәлім-тәрбие тұрғысында оралымды ойлар айтылды.

Жиынды ашып берген Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Жамбылтану» бөлімінің меңгерушісі Көсемәлі Сәттібайұлы қазіргі жастардың ауызекі тілде шетелдік шаблондарды жиі қолданатынын, өз кезегінде ол ана сүтімен бойға сіңген тіл тазалығына нұқсан келтіретінін, мұндай олқылықтың алдын алу үшін көркем әдебиетті көп оқу қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, облыстық жасөспірімдер үйінің педагог-тәрбиешісі Жанат Сарыбаева, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, «Ақпарат саласының үздігі», сатирик Бақытжан Советұлы, «Асыл арман ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, психолог Марал Хантөреқызы жастар тәрбиесіне қатысты ұсыныс- пікірлерімен бөліссе, жас ақын, «AR-AI» газетінің журналисі Шапағат Әбдір замандастарына жырдан шашу шашты. Облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Ұлжан Каленова жастарға арналған мемлекет бағдарламалармен таныстырды.

Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының мамандары, Ш.Мұртаза атындағы халықаралық институтының студент жастары және Тараз гуманитарлық «Қайнар» техникалық колледжінің ұстаздары сөз сөйлеп, өз пікірлерімен бөлісті.

Облыстық жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі, өзге ұлт өкілі Данил Полийщук Ы.Алтынсариннің «Достарым» өлеңін, ал Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері Мөлдір Қойшыбай, Диана Оқай, Айтбек Қонысбай қазақ ақындарының жырларын жатқа оқыды.

Кездесу соңында барлық қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

 

Нұржан ҚАДІРӘЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support