Облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға Тараз қаласынан және Мойынқұм, Қордай, Т.Рысқұлов, Байзақ ауданынан жазылған азаматтар бірқатар мәселелерді көтеріп, өтініштерін жеткізді.
Атап айтқанда, әлеуметтік көмек көрсету, жер мәселесі, жұмысқа орналастыру, пәтер кезегіне тұру, шалғау ауданға спорт нысандарын салу сынды мәселелерді көтерді.
Облыс әкімі азаматтардың өтінішіне жіті көңіл бөліп, барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын атап өтті.
Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев қазақстандықтарға Үндеу жасады
- 23 наурыз, 2026
Президент қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
- 21 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




