қауесет таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық атқару және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстер заңды күшіне енді. Жаңа Қылмыстық кодекске сәйкес, қауесет таратқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. ҚР Қылмыстық кодексіндегі «Жалған мәлімет тарату» деп аталатын бапта ең ауыр жаза ретінде 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Нақтылап айтсақ, БАҚ-тар немесе әлеуметтік желілер арқылы өсек таратқан адамға 5 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу, тура осындай көлемде түзету жұмыстарына жіберілу, бас бостандығынан 2 жылдан 5 жылға дейін шектелуі немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, жаңа технологияны пайдалана отырып лаңкестік және экстремизм көрінісін, радикал идеологияны таратуға жауапкершілік қатаңдай түсті. Ендігіде шетелдердегі қарулы қақтығыстарға қатысқан адам қылмыстық жазаға тартылады, бұл туралы бапта 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Еске сала кетейік, ҚР жаңа Қылмыстық кодексі мен «ҚР Қылмыстық заң жобасын жетілдіру мәселелері жөнінде кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға Қазақстан Президенті 2014 жылдың 3 шілдесінде қол қойған еді.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Дропперліктен аулақ бол!
- 6 желтоқсан, 2025
Тараптар арасындағы дау медиациямен шешіледі
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




