- Advertisement -

Жамбылдықтардың жұлдызы жарқырады

37

- Advertisement -

Қай кезде де Жамбыл өңірінің саңлақтары өздерін спорттың бірнеше саласында, әсіресе, бокста жақсы жағынан көрсетіп келеді. Өңірімізден шыққан Олимпиада және Әлем чемпиондары – мақтаныштарымыз.

Міне, осы саңлақтарымыздың бокстағы үлгілі жолы өз жалғасын табуда. Астана қаласында Қазақстан Республикасы жазғы спартакиадасы аясында өткен ҚР чемпионатында жамбылдық боксшылар жасындай жарқылдады.

Әуелі 60 килограмм салмақта жұдырықтасқан Бейбарыс Жексен финалдағы қарсыласын ұпай санымен ұтып, жамбылдықтарға алғашқы алтын медальді сыйға тартты. Ал, 67 килограмм салмақтағы батырымыз Дулат Бекбауов финалдағы қарсыласы Бақтияр Смағұловты 5:0 есебімен, төрешілердің бірауыз шешімімен ұтып, нағыз бабында екенін көрсетті.

Мұнан бөлек, 75 килограмм салмақтағы жерлесіміз Диас Молжігітов те ерлікке пара-пар іс жасады. Ол осы салмақтың үздігі саналған Нұрқанат Райыстан басым түсіп, алтыннан алқа тақты. Сонымен, жамбылдық боксшылар бұл спартакиадада үш алтынды еншілеп, жақсы дайындықпен барғандарын көрсетті. Одан бөлек, түбі жамбылдық екі ағайынды боксшы Нұрбек, Айбек Оралбайлар да алтынға қол жеткізді. Бұл күнде олар Астананың атынан өнер көрсетіп жүр. Әлем чемпионы Нұрбек Оралбай 81 килограмм салмақта маңғыстаулық Бекзат Нұрдәулетовтен басым түссе (Бекзат та Әлем чемпионы), Айбек Оралбай 92 килограмм салмақта Сағындық Тоғанбайды ұтты. Сондай-ақ, 52 килограмм салмақта Әлем чемпионы, түркістандық Сәкен Бибосынов та қарсыласын қапы қалдырып, спартакиада чемпионы атанды.

«Жамбылдық үш боксшының алтын иеленуі – үлкен қуаныш. Үшеуінің де болашағынан үлкен үміт күтеміз. Алдағы халықаралық жарыстарда да осы жігіттерге жеңіс тілеймін! Өзімнің шәкіртім Дулат Бекбауовпен бірге ел сенімін ақтағаныма қуаныштымын!», – деді ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпеков.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support