Басты жаңалық
Облыс әкімінің тапсырмасы: Таразда қоғамдық көліктердің саны артады
- author «Ақ жол»
- 21 қараша, 2023
- 286
Облыс әкімінің тапсырмасы: Таразда қоғамдық көліктердің саны артады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жұмыс кестесінен тыс, таңертеңгілік уақытта Тараз қаласындағы бірқатар бағыттардаға қоғамдық көліктердің мәселесімен танысты. Бурыл алқабынан «Ұлы дала» (15) шағын ауданына дейін төрт аялдамадан автобустарға мініп, жолаушылардың өтініш-пікірлерін тыңдаған аймақ басшысы кейбір бағыттарда уақыт жиілігін арттыру қажеттілігіне көз жеткізді. № 23, 8, 12, 55 маршруттармен жүріп көрген Ербол Қарашөкеев тұрғындардың өтініше сәйкес, қала басшылығына бір ай ішінде қоғамдық көліктердің аралық жүру жылдамдығын қысқартуды тапсырды. Сондай-ақ, жыл соңына дейін 60 жаңа автобус сатып алуды жүктеді. Айта кетейік, бүгінгі таңда Тараз қаласында 9 тасымалдаушы мекеме 37 бағыт бойынша күнделікті 350 бірлік автобуспен қызмет көрсетуде. Жолаушылар көлігі тасымалын жандандыру, жетілдіру және тұрғындарды жолаушы көлігімен толық қамтамасыз ету мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленген. Сол жоспарға сәйкес, 3 жыл көлемінде 120 аялдама орнату, аялдамаларға 90 бірлік жарық диодты цифрлық таблолар қою, кемінде 200 бірлік автобустар сатып алу, жаңа 15 жолаушылар бағыттарын ашу, күнделікті қызмет көрсететін автобустар саның 460-қа дейін арттыру жоспарлануда. Аталған жоспарды іске асыру аясында ағымдағы жылы 42 аялдама, 9 бірлік жарық диодты таблолар орнатылып, 4 маршрут ашылып қызмет көрсетуді бастады және бұған дейін 38 бірлік жаңа автобустар жеткізілді.
…
Выполняя поручение акима области: в Таразе увеличат количество автобусов
Аким Жамбылской области Ербол Карашукеев во вне рабочее утреннее время изучил проблему общественного транспорта.
Глава региона сел в автобусы № 23, 8, 12, 55 и проехал от массива Бурыл до микрорайона 15. Ербол Карашукеев поговорил с жителями, выслушал их просьбы и предложения.
По просьбам жителей аким области поручил руководству города в течение месяца сократить интервал автобусного движения. Также глава региона поручил обеспечить до конца года закуп не менее 60 новых автобусов.
В Таразе пассажиров ежедневно обслуживают в среднем 350 автобусов 9 автоперевозчиков на 37 маршрутах.
В целях совершенствования работы пассажирского транспорта разработан план мероприятий на 2023-2025 годы.
В течение 3 лет планируется установить 120 остановок, установить 90 цифровых табло на остановках, закупить не менее 200 автобусов, открыть 15 новых пассажирских маршрутов, увеличить количество автобусов до 460.
В текущем году установлено 42 остановки, 9 цифровых табло, открыто 4 маршрута и приобретено 38 новых автобусов.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдықтар жаппай сенбілікке шықты
- 6 сәуір, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді