2023 жылдың 20-30 қараша аралығында өткізілетін «Қауіпсіз қала» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы бойынша
- author «Ақ жол»
- 20 қараша, 2023
- 325
Мемлекет басшысы 2023 жылдың 15 қарашасында құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді. Кеңесте, заңның сақталуына, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға қатысты мәселелерге баса мән берді.
Мемлекет басшысының пікірінше, қалыптасқан жағдай көшедегі мәдениетсіздіктен бастап, төбелес, ұрлық, кісі өлтіруге дейінгі құқықбұзушылықтың барлық түріне ымырасыз қарсы тұруды талап етеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм, дөрекілік және бұзақылық сияқты Заң мен Тәртіп бұзушылықтың кез келген түріне мүлде төзбейтін әрі оны қатаң айыптайтын жағдай қалыптастыру қажет. Әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсету фактілерінің батыл түрде жолын кесу керектігі және қатаң бақылауға алу туралы Мемлекет басшысы тапсырма беріп отыр.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 18 қарашасындағы ҚР Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, 2023 жылдың 20-30 қараша аралығында облыс аумағында республикалық «Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның басты мақсаты, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әйелдер мен балаларға қарсы кез келген зорлы-зомбылық деректерінің жолын кесу, құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидасын нығайту болып табылады.
Өз кезегінде ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қоғамда тәртіпті орнату үшін үлкен жауапкершілік артылған.
Іс-шараның негізгі бағыттары, яғни көшелер мен басқа қоғамдық орындарда, оның ішінде жастар шоғырланатын орындарда қоғамдық тәртіпті және профилактиканы күшейту, вандализм, мүлікті бүлдіру, ұсақ бұзақылық фактілерді, сондай-ақ жол қауіпсіздігі желісінде бұзушылықтардыанықтау және жолын кесу, тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтарды профилактикалау болып табылады.
Іс-шара барысында жұмыстарды тиісті деңгейде жүргізу үшін полиция қызметкерлерімен кез келген ұсақ құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидасы қамтамасыз етілсін, оның ішінде алкогольді қолдану және қоғамдық орындарға мас күйде келуге (оның ішінде кәмелетке толмағандармен), ұсақ бұзақылыққа (оның ішінде кәмелетке толмағандармен), ортақ пайдаланатын орындарды ластауға (оның ішінде кәмелетке толмағандармен), тыныштықты бұзуға, тұрмыстық-отбасылық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде, ойын-сауық мекемелерінде болуына және т.б., «қорғау нұсқамасы», «ерекше талап», «алкоголик», «нашақор», «қолайсыз отбасы» санаттары бойынша есепте тұрған адамдар мен кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды профилактикалау бойынша, «масаң күйде көлік құралын басқару», «жол ережелерін өрескел бұзушылық» бойынша, жол қозғалысына қатысушыларға қадағалауды күшейту бойынша шаралар қабылдап, оның ішінде көлік басқару кезіндегі жүргізушілердің тәртібіне (қауіпсіздік белбеуін, мобильді телефонды пайдалану, қоқыс лақтыру, жолаушыларды тасымалдау ережесін сақтау, оның ішінде балаларды ұстау құралдарын пайдалану) рейдтік іс-шаралар өткізілетін болады.
Осыған байланысты, Полиция ДепартаментіЖұртшылықтан вандализм, мүлікті бүлдіру, ұсақ бұзақылық фактілері, сондай-ақ жол қауіпсіздігі желісінде бұзушылықтарға, тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, түнгі уақыттарда жасөспірімдердің қараусыз-қадағалаусыз жүруінің алдын алуды,қоғамдық көліктерде өздеріне тиесілі мүлікке мұқият болуды, ең бастысы «Заң мен Тәртіпті» қатаң сақтауды сұрайды!
Жамбыл облысының Полиция департаменті
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдықтар жаппай сенбілікке шықты
- 6 сәуір, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді