Umai-2023 сыйлығына қатысуға өтінімдер қабылдаудың аяқталуына екі апта қалды
- author «Ақ жол»
- 16 қараша, 2023
- 304
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тағайындаған Қазақстан Республикасының өнер саласындағы Umai-2023 ұлттық сыйлығының ұйымдастыру комитетібайқауға қатысуға өтінімдер 5 желтоқсанға дейін қабылданатынын еске салды. Биыл Umai сыйлығының саны артты, ал «Театр өнері», «Хореографиялық өнер»,«Музыкалық-орындаушылық өнер», «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер» номинациялары бұрынғыша қалды.
- Umai-2023 шығармашылық мамандық өкілдерінің асқанқызығушылығын оятатындығына және тәуелсіз сараптау комиссиясының мүшелері өз қарауына отандық өнердің дамуына тың серпін беретін қызықты да сан алуан жұмыстарды алатынына сенімдіміз. Еліміздің өңірлерінен қатысушылар саны артады деп күтудеміз, өйткенібайқаудың жоғары ұлттық дәрежесі жастарға шығармашылық шыңдарды бағындыруға серпін бере алады,- деп атап өтті Umai ұлттық сыйлығының ұйымдастыру комитеті.
Ұйымдастыру комитеті өтінімдерді белсендірек тапсыруға шақырды. Қосымша толығырақ ақпаратты алу үшін «Астана Операның» ресми сайтына кіріп, «Umai-2023 сыйлығы» бөлімінде қатысуға қажетті құжаттар тізімін оқып шығу керек.
Umai ұлттық сыйлығы әуел бастан еліміздегі өнерадамдарын біріктіру үшін тағайындалған болатын.
– Біз қазақстандық мәдениеттің дамуына үлесін қосып жүрген барлық жандарды өз шығармашылығын ұсынып, әріптестерінің жетістіктерімен танысудың және шығармашылық байланыстарды нығайтудың бірегей мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз. Ұлттық өнерді қолдау әрі дамыту мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі осы жылы сыйлықтар санын едәуір ұлғайтқанын, сәйкесінше ақшалай жүлделердің де артқанын еске саламыз. Сонымен, биыл сыйлықтың жүлде қоры 79 миллион теңгені құрады, - деп қорытындылады ұйымдастыру комитеті.
Umai ұлттық сыйлығы – еліміздің өнер саласындағы ең мәртебелі әрі беделді сыйлықтардың бірі. Жыл сайын ол жаңа біртуар қайраткерлердің есімдерін анықтап, отандық мәдениеттің дамуына және ілгерілеуіне ықпал етеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді