Жамбыл ауданында биыл 85 көше жөндеуден өтті
Жамбыл ауданында биыл 100-ге жуық ауылішілік көшелер, аудандық маңызы бар жолдарға асфальт төсемі төселуде. Облыс әкімінің аудан тұрғындарымен өткен кездесуінде аудан халқы ауылішілік көшелердің жай-күйін айтып, жөндеу қажеттігін алға тартқан болатын. Бүгінде көтерілген мәселелер бойынша 93 көшеге республикалық, облыстық, аудандық бюджеттен қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жоспарланса, қазіргі таңда 85 көшенің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Қазіргі таңда Шайдана, Рахат, Еңбек, Тастөбе, Қостөбе, Бірлесу-Еңбек, Шоқай, Аса ауылдарында жолдар 100 пайыз асфальтталған. Жалпы биыл Жамбыл облысында жол жөндеу жұмыстарына бөлінген 24,9 млрд. теңгеге 494 жоба жүзеге асуда. Мұның есебінен 800 шақырымға жуық жол орташа жөндеумен қамтылмақ.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық энергия паркіне кадрларды шетелдік оқу орны даярлайды
- 8 желтоқсан, 2025
Тоқаев отандық үздік тауар өндіруші кәсіпкерлерді марапаттады
- 5 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




