![Дулати университетінің жастары жемқорлыққа қарсы](https://aqjolgazet.kz/uploads/resized-images/2023/11/88578878-b2a7-4721-8527-f13aaffa6a85.jpeg)
Дулати университетінің жастары жемқорлыққа қарсы
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» факультетінің студенттерімен кездесу өтті. Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Омаров Даурен Даниярбекұлы қатысты.
Кездесу барысында Даурен Даниярбекұлы қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы кешенді шаралар туралы кеңінен баяндады.
Сонымен қатар, қоғамда орын алатын тұрмыстық жемқорлықтың көбісі азаматтардың өз құқықтарын жетік білмеуінен туындайтынын айтып, жастарды құқықтық сауаттылықты арттыруға және сапалы білім алуға шақырды.
Кездесу барысында департамент тарапынан әзірленген бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді