Үкіметтің шешімімен құрылыс нысанының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, ол бойынша 5,4 миллиард теңге қаржы қарастырылып, жоба сараптамадан өткеннен кейін 5,2 миллиард теңге бөлінді. Әлбетте, осыншама қаржыдан-ақ атқарылатын жұмыстардың өте ауқымды екенін бағамдай беруге болады. Еліміздің Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік конкурс жариялаған болатын. Осы конкурста біздің фирма мен «Жігер – 2004» ЖШС жеңімпаз атанып, өзімізге тиесілі нысандар бойынша құрылыс жұмыстарын қолға алдық. Мұндағы барлық жұмыстар үш кезеңге бөлінді. Біз өзімізге берілген 1 миллиард 188 миллион теңге бойынша міндетімізді орындап шықтық. Атап айтсақ, ең алдымен канал басындағы басты су құрылғысын қайта жарақтандырдық. Сонымен қатар, сыйымдылығы 1100 текше метр су реттейтін бөгеннің де құрылысы бойынша жұмыс толық аяқталды. 2013 жылдың желтоқсан айында басталған құрылыс жұмыстарына 120 адам қатысып, жиырма шақты бульдозер, он шақты экскаватор және кран, трактор, самосвал сынды бірнеше техника жұмылдырылды. Әрине, уақытты созбай нысанды неғұрлым ертерек тапсыруға тырыстық. Ол үшін, жұмысшылар вахталық әдіспен еңбекке құлшына кірісті. Олар жатын орындары мен тамақтану орнымен қамтамасыз етіліп, алаңсыз жұмыс істеулеріне жағдай жасалды. «Көксай» каналының құрылысы кесте бойынша қараша айында біту керек болатын. Алайда біз, белгіленген жұмыстарды қысқа уақыт ішінде аяқтап, биылғы суару кезеңі басталған маусым айында сынақ ретінде алғашқы суды жіберіп көрдік. Бұл сынақ ойдағыдай өтіп, су жақсы ақты. Сөйтіп, біз қыркүйек айына дейін секундына 3,5 текше метр су беріп келдік. Бұйыртса, 2015 жылғы суару кезеңінде осы каналдан нәр алып отырған 3 мың гектар жерді суару мәселесінде еш кедергі болмайды деп ойлаймын.
Ақылбек САДЫРБАЕВ, «Сұңқар-2002» ЖШС қаржы директоры.
Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- Бүгін, 14:19
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді