Қырық жыл жөндеу көрмеген көшелер жөнделуде
Осы жылдың 6 наурызында «Amanat» партиясының республикалық сайлауалды штабы өңірге келіп, Қаратау қаласының жұртшылығымен кездескен болатын. Жиында шағын қала тұрғындары көшелердің тоз-тозы шыққанын айтып, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігіне тоқталған еді. Басқосуда партия төрағасы Ерлан Қошанов тұрғындар көтерген мәселенің орынды екенін тілге тиек етіп, көше жөндеу жұмыстары бақылауға алынатынын жеткізген. Араға көп уақыт салмай партияның халық алдында берген уәдесі орындалып, Қаратау қаласының 7,3 шақырымды құрайтын 8 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
– Бұл көшелердің жөндеу көрмегеніне 40 жылдан асты. Осы мәселені біз сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңінде «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошановқа тілей жеткізген болатынбыз. Сол жиында партия төрағасы мәселені бірден назарға алып, сайлауалды бағдарламаға енетінін айтқан еді. Айтылған уәде сөз жүзінде қалмай, жүзеге асып, көшелерімізге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары кезінде партияның бақылау бекеттері қоғамдық бақылау қызметін де жоғары деңгейде жүргізді, – дейді қала тұрғыны Икрам Сүлеев.
Айта кетейік, «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында шағын шаһардың Қ.Тоқтыбайұлы, Е.Өмірұлы, А.Байтұрсынов, М.Есжанұлы, Қ.Сәтбаев, Қ.Жарқынбеков сынды көшелеріне асфальт төселді. Сондай-ақ, көше бойындағы аялдамалар жаңартылып, тротуарлар салынды. Ал, А.Байтұрсынов көшесінің жөндеу жұмысынан артылған қаржыға қосымша Ә.Байзатов көшесіне де орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.
– Жасыратыны жоқ, қала тұрғындарының көп шағымданатын мәселелерінің бірі осы көше болатын. Биыл олардың проблемалары партияның сайлауалды бағдарламасына еніп, 8 бірдей көшесі жөнделді. Жөндеу барысында партия облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелерімен партиялық бақылау жүргіздік, – дейді партия облыстық филиалының партиялық бақылау жөніндегі инспекторы Ерғали Омаров.
Жалпы, орталығы Қаратау қаласы саналатын Талас ауданында биыл 7 партиялық бақылау бекеті құрылған болатын. Оның 3-і осы жол саласында құрылып, партиялық бақылау жүргізіп келеді.
Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ,
«Amanat» партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.
Талас ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді