Басты жаңалық
Жамбыл облысында катодты мыс өндіретін зауыт іске қосылады
- author «Ақ жол»
- 10 қараша, 2023
- 854
Жамбыл облысында катодты мыс өндіретін зауыт іске қосылады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бірқатар ірі компаниялардың өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында "Shagala-Mining" ЖШС директоры Алексей Антонишин Мойынқұм ауданында катодты мыс өндіру бойынша ірі инвестициялық жобаның іске асырылу барысы туралы баяндады.
2021-2024 жылдар аралығында іске асуы жоспарланған жобаның жалпы құны - 50,6 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталған.
"Golden Compass Capital" компаниясы Т. Рысқұлов ауданындағы Көкқия шатқалында алтын өндірумен және өңдеумен айналысады. Жыл сайын мұнда 300-400 килограмм алтын өндіріледі, сонымен бірге көрші учаскелерде барлау жұмыстары жалғасуда.
Сондай-ақ, "Golden Compass Capital" АҚ Басқарма төрағасы Азамат Набенов өндірістерін кеңейту жоспарымен бөлісті. Компания 800 келіге дейін алтын өндіруді, Әулие шатқалында барлау жұмыстарын үш жыл ішінде аяқтауды, құрамында алтыны бар кенді өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр.
Кездесулер барысында экологиялық заңнаманы сақтау, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыру, кәсіпорындар үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, осы күні Ербол Қарашөкеев пен "Samruk-Kazyna Ondeu" ЖШС басқарма төрағасы Данияр Мәулетов, басқарушы директоры Жандос Оразалиев энергетика саласындағы кәсіпорындарды кеңейту мәселесін талқылады.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




