Өңірде натрий зауыты салынады
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Altynalmas Reagents» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Уәлихан Атагелдиевті қабылдады. Кездесуде «Тараз химиялық паркі» АЭА аумағында натрий цианидін өндіру жобасын жүзеге асырудың барысы талқыланды. Жобаның жылдық қуаттылығы 25 мың тоннаны құрайды. Зауыттың құрылысына 250 адамды тарту жоспарланса, ал пайдалану кезінде 100-ден астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Зауыт іске қосылғаннан кейін кәсіпорын натрий пиросульфиті мен каустикалық сода өндірісін жолға қоюды көздейді. Кездесу барысында сабақтас өндірістерді құру, өнімді өткізуді жолға қою және экспорттау мәселелері талқыланды.
Облыс әкімі ішкі нарықты қорғау мен отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңыздылығына тоқталды.
Осы күні аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев Koyuncu Group түрік компаниясының өкілдерімен де кездесті. «Karatau Chemicals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі натрий пиросульфит өндіретін зауыты 2024 жылдың қаңтар айында іске қосылады деп жоспарланған. Компанияның бас директоры Рахим Ергунның айтуынша, оған салынатын инвестицияның көлемі 7 миллион долларды құрайды екен. Ал, өндірістің жылдық қуаты 25 мың тоннаны құрайды.
Келіссөз барысында қос тарап ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, оны одан әрі жандандыру мүмкіндіктерін, сондай-ақ, әртүрлі салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруды бірлесе отырып талқылады.
«Aq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық энергия паркіне кадрларды шетелдік оқу орны даярлайды
- 8 желтоқсан, 2025
Тоқаев отандық үздік тауар өндіруші кәсіпкерлерді марапаттады
- 5 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




