Науқастардың жағдайы тұрақты
Байзақ ауданының орталық ауруханасына жатқызылған 35 адамның жағдайы орташа, тұрақты. Науқастарға барлық қажетті медициналық көмектер көрсетілуде. Бұл мәселе бойынша облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды. Сарыкемер ауылындағы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысының әлсіздікке, құсу бойынша шағымданған алғашқы өтініші 7 қараша күні түстен кейін тіркелді.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, республикалық мамандардан, анестезиологтардан, педиатрлардан, токсикологтардан және инфекционистерден тұратын комиссия құрылды.
Сағат 23:00-ге дейін өтініш білдіргендердің жалпы саны 46 адамды құрады (2 мұғалім, 44 бала).
46 адамның 33-і ауруханаға жатқызылды, жағдайлары орташа, тұрақты.
Ауруханаға жатқызылғандарға детоксикация терапиясы жүргізілді. Антибиотикалық емдеуді қажет етпейтін 13 адам медициналық кеңес алғаннан кейін амбулаториялық емдеу және үйден бақылау үшін қайтарылды.
Жалпы, практика дәрігерлерінен, педиатрдан, учаскелік медбикеден тұратын 16 мобильді топ 205 ауланы аралап, осы күні оқу орнының асханасына келген қалған оқушыларға тексеру жүргізілді.
Тексеру қорытындысы бойынша олардың жағдайы қанағаттанарлық жағдайда, шағымдар мен ауру белгілері жоқ.
Н. Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясын тамақпен қамтуға жауапты «Тоқсейітов» жеке кәсіпкерлігінің жұмысы мән-жайлар нақтыланғанға дейін тоқтатылды.
Мектеп оқшауланған, бактериологиялық зерттеу шаралары жүргізілуде.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді