Облыс әкімі инвесторлармен кездесті
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев шетелдік инвесторлармен кездесті. Кездесу барысында Италиялық «Confindustria Kazakhstan» компаниясының бас директоры Валтер Макчи компания өзінің 113 жылдық тарихында ең маңызды бизнес ассоцацияға айналғанын жеткізді. Сонымен қатар, өткен жылы Астана қаласында филиалы ашылып, жемісті жұмыс істеп жатқанын сөз етті.
Ол өз жобасын таныстыру барысында қаланы дамыту және білім алмасу мәселесіне қатысты, нақты айтқанда архитекторлар мен инженерлер дайындайтын италиялық іргелі оқу орнының филиалын ашу туралы жоспарларын ұсынды.
Облыс әкімі Жамбыл облысы химия өндірісінің отаны саналатынын, жалпы қазіргі таңда өңір өндірісін өркендетудің мүмкіндігі мол екенін тілге тиек етті.
Аймақ басшысы қаланы дамытуға қатысты жобаның таныстырылымында Тараз қаласының дизайн кодын қалыптастыру қажеттігін атап өтіп, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековке аталған бағыттағы жұмысты қолға алу және арнайы мамандар даярлайтын оқу орнының облыстағы филиалын ашу ісін жан-жақты мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.
Бұдан кейін қытайлық «CECGC Overseas Investment Company» компаниясының өкілі Тао Джанг пен Гаокианг Юн өз жобаларын таныстырды.
– Өткен айда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға жасаған жұмыс сапары жемісті өтті. Сол кезде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Cи Цзиньпин мырзамен көптеген ауқымды стратегиялық мәселелерге қол жеткізілді.
Бізің облыс химия өндірісі саласында еліміз бойынша алдыңғы орында, химия өндірісі, метал өндірісі ісінде өңіріміз айтарлықтай дамыған және желден электр қуатын өндіру ісінде де көшбасшы өңірлер қатарында тұрмыз. Сонымен қатар Қазақстанның фосфор өнірісінің де 70 пайызы біздің облысқа тән. Құрылыс индустриасына келетін болсақ, өңірде көптеген инвестициялық ауқымды жобалар іске асырылып жатыр. Мәселен цемент, гипстен жасалатын және тағы басқа сан түрлі құрылыс материалын шығаратын жобалар. Бұл ретте облысқа Франция, Германия, Сингапур, Қытай секілді дамыған мемлекеттерден инвесторлар келіп, жұмыс істеуде. Оның ішінде бізге өз жобасын ұсынып, келісімімізді алған қытайлық компаниялар да бар. Мәселен, ол компаниялар желден электр энергиясын өндіруге қажетті және егіс алқаптарын жаңбырлатып суаруға арналған құрылғы шығаратын зауыттар салмақ, – деді облыс әкімі.
Тао Джангтың айтуынша «CECGC Overseas Investment Company» бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді. Оның ішінде компания жаңартылатын энергия өндіру, суды тазарту және суқоймаларын салумен айналысады.
Бұл компания әлем бойынша энергетика саласына инвестиция салуда 11 орында тұрса, инвестиция бағамы да өте жоғары.
Ербол Қарашөкеев компания өкілдеріне облыстың инвестициялық әлеуетінің жоғары екендігін айтып, мүмкіндіктер мен ұсыныстарды тиісті салалық басқармалармен бірге талқылаудың маңыздылығын баса айтты.
Облыс үшін тиімді жоба болатын болса, жергілікті билік тарапынан жан-жақты қолдаулар көрсетілетінін жеткізді.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдықтар жаппай сенбілікке шықты
- 6 сәуір, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді