- Advertisement -

Ісіне адал, кәсібіне жауапты жандар

55

- Advertisement -

Мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі – елімізде кедергісіз орта қалыптастырып, мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамға барынша бейімделіп, хакім Абай айтпақшы, «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген ұстанымын ұлағаттау. Осы игі істе әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегі ерен, қосар үлесі зор.

«Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылармен де ерекше жұмыс жүргізген абзал. Тек ресми статистикаға сүйенсек, елімізде мүмкіндігі шектеулі 80 мың бала бар. Үкімет сал ауруына шалдыққан балаларды медициналық және әлеуметтік тұрғыдан қолдау жұмысына маңыз беруі тиіс. Үкіметке бұл бағытта алдағы үш жылда 58 миллиард теңге бөлуді тапсырамын» деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған бағытқа айрықша басымдық берген болатын. Оған қоса, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы №164 Жарлығы негізінде қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қызметкерлер күні деп аталғаны белгілі. Бұл біз үшін аса маңызды мереке.

Әлеуметтік жұмыс – ізгілік пен қайырымдылыққа, сыйластық пен өзара сенімге негізделген кәсіп. Бұл жұмыспен шұғылдану үлкен ерік-жігерді талап етеді. Әлеуметтік қызметкердің бойында жауапкершілікпен қатар мейірім, махаббат, балаға деген жанашырлық, үлкен жүрек қажет.

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1964 жылы құрылған болатын. Орталық 3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға арналған мекеме. Әке-шешесі бар балалармен қатар, бұл мекемеде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәулік бойы қызмет көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығына сәйкес, «Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары» бойынша, «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 54 қызмет алушыға стандарттың 8 бағыты бойынша толық көлемде арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынып отыр.

Бүгін осындай көзге көріне бермес, қиындығы көп жұмысты еңсеріп жүрген, «əлеуметтік саланың» пұшпағын илеп жүрген қызметкерлер ерекше жағдайдағы бүлдіршіндермен бірге біте қайнасып өмір сүреді. Олардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қолғабыс жасап, өміріне етене араласады. Əлеуметтік сала қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балалардың көңілін аулап, барынша қолдау көрсетуде.

Бұл кәсіби мереке осы жылдар ішінде тек ресми шара ғана емес, мейірім мен шапағат мейрамына, игі дәстүрге айналды.

Осы кәсіби мерекеге орай №4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шарада орталықтың қызметкерлері ән мен биден шашу шашып, өз өнерлерін ортаға салды. Орталықта «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні» мерекесіне орай Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен әлеуметтік саланың білікті маманы Әлия Қожахметова, ал бала күтуші Рита Аргинова облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. «Amanat» партиясының Алғыс хатымен сала мамандары Ерік Әскербеков, Толқын Ахметова және Кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен Айнұр Исабекова, Алмақыз Оразбаева марапатталды.

 

Жанар ЖАСКИЛЕНОВА,

«№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support