Жаңалықтар
Жуалы және Тұрар Рысқұлов аудандарында аудан әкімдерінің сайлауы өтуде
- author «Ақ жол»
- 5 қараша, 2023
- 282
Жуалы және Тұрар Рысқұлов аудандарында аудан әкімдерінің сайлауы өтуде
Сайланатын әкімнің өкілеттік мерзімі – 4 жыл. Бір адам қатарынан екі реттен артық аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі болып сайлана алмайды. Сонымен қатар аудан және облыстық маңызы бар қала мәслихаттарына мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша әкімге өз міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда сенімсіздік білдіру туралы мәселені қарау жөніндегі өкілеттіктер беріледі. Бұл жағдайда мәслихат депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен әкімге сенімсіздік білдіруге және жоғары тұрған әкімнің алдына оны қызметтен босату туралы мәселе қоюға құқылы. Бүгінде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері мәслихаттың келісімімен облыс әкімі тағайындайтын саяси қызметшілер болып саналады.
Жалпы, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің тікелей сайлауын енгізуге 2021 жылы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу ықпал етті.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді