«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Үш тәртіптік іс тоқтатылды

Үш тәртіптік іс тоқтатылды
ашық дереккөз
Үш тәртіптік іс тоқтатылды
Облыста жыл басынан бері тәртіптік комиссия отырыстарында 93 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Олардың 14-іне ескерту, 65-іне сөгіс, тағы 14-іне қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. Осы сынды мемлекеттік қызметшінің әдеп нормалары мен заң аясында жұмыс істеу барысы жайлы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстағы әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында айтылды. Жиынды әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Лесбек Ілебаев ашып, онда жалпы 11 мәселе, оның ішінде 3 тәртіптік іс қаралды. Алдымен Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Асхат Жабағыға, осы аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Қуаныш Ғалиұлына, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Саурбаевқа қатысты қозғалған тәртіптік істер қаралды. Әдеп жөніндегі кеңес бұл азаматтарға қатысты заңды күшіне енген сот актілерін ескере отырып, аталған тәртіптік істерді тоқтату туралы шешім қабылдады. Одан бөлек, Байзақ және Жамбыл ауданы әкімі аппараттарының қызметінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларының сақталуына жүргізілген профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы тиісті аудан әкімдері аппаратының басшылары Еркін Зәуірбеков пен Самат Селеубаевтың есептері тыңдалды. Кеңесте, сонымен қатар, облыс бойынша мемлекеттік кірістер органдарының және Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының тәртіптік комиссияларының 2023 жылдың өткен кезеңінде атқарған жұмыстары туралы комиссия төрағалары есеп берді. Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдерінің және облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиялары атқарған жұмыстарға жасаған талдауларының қорытындылары, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік орган жойылған (таратылған), қайта ұйымдастырылған, басқару құрылымы өзгерген кезде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуына жүргізілген талдаудың нәтижелері қаралды. Әдеп жөніндегі кеңес профилактикалық мәселелерді қарау нәтижесінде тиісті ұсынымдар енгізді.  

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Ұқсас жаңалықтар