Басты жаңалық
1 миллион 114 мың теңгенің алтыны мен ақша ұрлаған тараздық ұсталды
- author «Ақ жол»
- 2 қараша, 2023
- 901
1 миллион 114 мың теңгенің алтыны мен ақша ұрлаған тараздық ұсталды
Полицияның 102 арнасына Тараз қаласының тұрғыны үйінен алтын заттарының және ақшалай қаражаттарын ұрланғанын хабарлады. Белгісіз адам оның үйіне жатын бөлменің терезесі арқылы еніп, 129 000 теңге ақшасын және түрлі алтын бұйымдарын ұрлап кеткен.
Жәбірленушіге жалпы көлемі 1 млн 114 мың теңге көлемінде шығын келтірілген.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Полиция қызметкерлерімен бұрын сотты болған 30 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды.
Күдікті өз кінәсін толық мойындап, оған қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу әрекеттері жалғасуда.
Дереккөз: Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




