Аспара ауылында ауыз судан мәселе жоқ
Меркі ауданына қарасты Аспара ауылдық округі аудан орталығынан шалғай орналасқан. Ауылдық округ 2002 жылы құрылған. Құрамында үш елді мекен бар. Халық саны 1693 адам. Меркі ауданына қарасты Аспара ауылдық округі аудан орталығынан шалғай орналасқан. Ауылдық округ 2002 жылы құрылған. Округке қарасты үш елді мекенде 1693 тұрғын қоныстанған. Округ аумағында тұратын аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөнінде округ әкімі аппаратының жанынан арнайы комиссия құрылып, жұмыс істеуде. Биыл тоғыз айдың қорытындысында округ аумағында тұратын жеті отбасынан 40 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, қаржысы толығымен төленуде. Бүгінде бұл округте кәсіпкерлік саласы бойынша екі жоба іске асырылған. Жобаның құны 18 миллион теңгені құраған, нәтижесінде екі адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ауыл шаруашылығы саласы да айтарлықтай дамып келеді. Аспара ауылының әлеуметтік-экономикалық жағдайы жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында аталған ауыл әкімі Гаухар Оспанбекова мәлімдеді.
Оның айтуынша, бүгінде Аспара ауылы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен толықтай қамтамасыз етілген. Округке қарасты Құмарық, Қайындысай ауылдарына да ауыз су жүйесін жүргізу үшін тиісті қаржы қарастырылып, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген. Сонымен қатар, округке қарасты үш елді мекен де табиғи газды тұтынып отыр. Бүгінгі таңда 312 үйдің 281-і көгілдір отынмен қамтылған. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ауылдық округтің сегіз көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, А.Балапанов, А.Сейтжапар, Тұран, Аспара көшелеріне түнгі жарықтандыру шамдары орнатылып, Аспара ауылына кіші футбол алаңшасы салынған.
– Келер жылы Қайыңдысай ауылының Шұғыла, Аққайнар, Р.Нүсіпбеков көшелеріне түнгі жарықтандыру шамдарын орнату жоспарланып отыр. Аспара ауылындағы орталық саябақ қоршалады. Жалпы, ауыл бойынша бүгінгі таңда жұмыссыз ретінде алты адам тіркелген. Биыл қоғамдық ақылы жұмыспен 22 адам, «Жастар тәжірибесімен» 9 жас жұмысқа орналастырылды. Ал, тегін оқуға төрт азамат жіберілді. Биыл атаулы әлеуметтік көмек жеті отбасына тағайындалды, – дейді Гаухар Жарасқызы.
Ауылдың жай-жағдайы баяндалғаннан кейін ауыл әкімі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Мақпал СҮЙІНБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді