Басты жаңалық
Облыс әкімі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды
- author «Ақ жол»
- 1 қараша, 2023
- 860
Облыс әкімі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жергілікті атқарушы органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу мәселесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді. Комиссия отырысы барысында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ерлан Байболат баяндама жасап, жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу жұмыстарының 9 айдағы қорытындысы туралы тоқталып өтті.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Даурен Омаров жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері бойынша баяндама жасап, анықталған тәуекелдерді жою бойынша бірқатар ұсыныстар айтып өтті.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын сапалы жүзеге асыру, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, жемқорлықтың алдын алу және жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды сапалы жүзеге асыру бойынша хаттамалық тапсырмалар берді.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




