- Advertisement -

Тарихта алғаш рет қазақ қызы каратэден әлем чемпионы атанды

57

- Advertisement -

Каратэші қазақ қызы Мөлдір Жаңбырбай Мажарстан елінің астанасы Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды. Отандасымыз 50 кило салмақтың финалында италиялық қарсыласынан айласын асырды.

Бұған дейін ересектер арасында Қазақстаннан әлем чемпионы шықпаған. Мөлдір сол жетістік шыңын алғаш болып бағындырды.

Мөлдір Жаңбырбай жуырда ғана Ханчжоуда өткен Азия ойындарында күміс жүлдегер атанған болатын.

Ерлер арасында финалға шыққан Қайсар Алпысбай (60 келі) күміс жүлдені қанағат тұтты.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/sport/93432/

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support