«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ұлы даланы қорғау үшін ұдайы жауынгерлік әзірлік керек

Ұлы даланы қорғау үшін ұдайы жауынгерлік әзірлік керек
ашық дереккөз
Ұлы даланы қорғау үшін ұдайы жауынгерлік әзірлік керек
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде ұлттық мереке – Республика күніне арналған салтанатты жиындар өтті. Күндіз-түні Отан алдындағы адал борышты жауапкершілікпен арқалап жүрген әскери қызметкерлер Республика күнін мазмұнына салтанаты сай етіп ұйымдастырды. Отан қорғаушылар ұлттық және мемлекеттік мерекелерді қастерлейді, әскери дәстүрлерді сақтайды, салтанатты шараларды өткізеді. Салтанатты іс-шаралар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының көтерілуімен және Әнұранының орындалуымен ашылды. Бұл мемлекеттік рәміздер әскери қызметшілерді өмірінің барлық іс-әрекетінде, атап айтқанда тұрақты орналастыру пункттерінде де, оқу-жаттығулар кезінде полигондарда да үнемі сүйемелдейді. Дәл осындай салтанатты жиындар Қазақстан армиясының барлық әскери бөлімдерінде өтті, өйткені маңызды ұлттық мереке – ерекше тарихи маңызы бар және елге елеулі әсер еткен оқиғаларды бейнелейді. – 1990 жылы 25 қазанда маңызды тарихи оқиға – Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданды және бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды. Ал, Қарулы Күштердің міндеті – еліміздің қауіпсіздігін қорғау, егемендігі мен тәуелсіздігін күзету. Егеменді мемлекеттіліктің іргелі принциптері ретінде Декларацияда тұңғыш рет мемлекеттіліктің тұтастық, аумақтың бөлінбейтіндігі және мызғымастығы, қазақ халқының және Қазақстанның басқа да халықтарының төл мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін жаңғырту және дамыту, ұлттық бірегейлік, мемлекеттіліктің нығаюы сияқты қағидаттар бекітілді. Тұтастық, аумақтың бөлінбейтіндігі және қол сұғылмауы – біздің қызметімізге тікелей қатысты, өйткені Қарулы Күштердің міндеттеріне осы принциптерді қорғауды қамтамасыз ету кіреді», – деп атап өтті «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Мереке Күчекбаев. «Біз кез келген уақытта өзімізді қорғау үшін жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуіміз керек». Ал «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері армияның қорғаныс қабілетін нығайтуға және мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосуда. Республика күнін маңызды мемлекеттік мереке ретінде тойлай отырып, әскери қызметшілер еліміздің барша азаматтары сияқты олар үшін де Қазақстан Республикасы халқының бірлігі, елдегі бейбітшілік пен тыныштық, халықтың әл-ауқаты мен тыныштығы сияқты ұғымдар бар екенін атап өтеді. Осы ұғымдарды көздің қарашығындай қорғау үшін Қарулы Күштер жауынгерлік әзірлікті жоғары деңгейде ұстау бойынша қажетті жұмыстарды атқаруда. Осы мақсатта сарбаздардың, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен офицерлердің жауынгерлік даярлығы жоспарлы түрде жүргізіліп, полигондарда түрлі командалық-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілуде. Қазақстандық әскердегі әскери қызметшінің адамгершілік қасиеті де маңызды. Отан қорғаушылар бәріне үлгі болуы керек. Республика күнін мерекелеу аясында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің әскери қызметшілері мектептерде ерлік сабақтарын өткізді. Мұндай сабақтар біздің қолбасшылықтың Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстары, республикалық маңызы бар Шымкент қаласы және облыс орталығы Тараз қаласы кіретін барлық гарнизондарында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, әскери бөлімдер мектеп және колледж студенттері үшін ашық есік күндерін өткізді. Балалар әскери бөлімдерді аралап, олардың қызмет ету жағдайларымен танысты, әскери техниканы көзбен көріп, қолмен ұстады. Әскери қызметкерлер өскелең ұрпақпен тығыз байланыста бола отырып, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуді жүзеге асырады. Балаларды Отанға деген сүйіспеншілікке, әскери қызметшілер мамандығына құрметпен қарауға баулып, Отанды қорғаудың және мемлекеттілік қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын ұғындырады. Тіпті, барша қазақстандықтар үшін демалыс күні деп жарияланған мереке күні де «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының, сондай-ақ Қазақстанның барлық Қарулы Күштерінің кезекші жасақтары тәулік бойы кезекшілікте болады, өйткені Отан қорғау – ұдайы жауынгерлік әзірлікті талап ететін үздіксіз процесс», – дейді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Ораз Кучуков.  

Нұржан ҚАДІРӘЛІ

Ұқсас жаңалықтар