Басты жаңалық
Жамбылдық полицейлер ұрлық дерегінің ізін суытпай ашты
- author «Ақ жол»
- 27 қазан, 2023
- 869
Жамбылдық полицейлер ұрлық дерегінің ізін суытпай ашты
2023 жылғы 25 қазанда Жамбыл ауданының 46 жастағы тұрғыны полиция бөліміне мал ұрлығы туралы арызбен жүгінді. Ер адам бір күн бұрын белгісіз адамның қорасынан 6 бас қойын ұрлап кеткенін хабарлады. Келтірілген залал көлемі 300 000 теңгені құрады.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабының 1-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 21 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады, тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл мен Түркістан облыстарын жалғайтын күре жол жабық
- 10 наурыз, 2026
Жаңа үйлерде пошта жәшігі неге жоқ?
- 9 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




