
Ұлық мейрамды атап өтті
25 қазан – Республика күніне орай өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде салтанатты жиын өтті. Шараға аталған департаменттің басшы және жеке құрам қызметкерлері, сала ардагерлері мен ата-аналар қатысты. Жиында департамент бастығы, әділет подполковнигі Жәнібек Қосжанов әріптестерін ұлттық мереке күнімен құттықтады. Бұл күн еліміздің тарихында айрықша орын алары ақиқат. Себебі, дәл осы күні халқымыздың мемлекет ретінде қалыптасуына бастау болған Егемендік туралы декларация қабылданды. Еліміз дербес мемлекет ретінде дүниежүзіне таныла бастады. Ал, бүгінгі әділетті Қазақстанның парасатты ұрпақтары жауапты кезеңде тұр. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы еңбектеріңіз еселене берсін. Баршаңызды елдігіміздің еңсесін көтеріп, рухын асқақтатқан Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын, - деді Жәнібек Жамалбекұлы.
Бұдан кейін, ҚАЖ саласының дамуына өзіндік үлесін қосқан бірқатар азаматтар марапатталды. Атап айтқанда, департамент бастығы Жәнібек Қосжанов бас-аяғы 67 қызметкер мен 7 ата-анаға тиесілі марапаттарын табыс етті. Салтанатты шара соңы өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.
Ұқсас жаңалықтар
Салық түсімдерін қалай көбейтуге болады?
- 20 наурыз, 2025
Қазақ қызы – ұлттық болмыстың айнасы
- 8 наурыз, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді