Өлеңге ынтық өрелі ұрпақ
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы, ақын Маралтай Райымбекұлының шығармашылығын насихаттау, талантты тұлға шығармашылығының халық игілігіне айналуына жол ашу, жас ақындарға рухани қолдау көрсету мақсатында Сарысу аудандық мәдениет үйінде облыстық «Маралтай оқулары» байқауы өтті. Айта кету керек, аудан аумағында өлеңмен жанын суарған өрелі жастардың қатысуымен бес жыл қатарынан «Маралтай оқулары» байқауы ұйымдастырылған болатын. Жалынды жастар арасындағы жыр дода былтырдан бастап облыстық деңгейде ұйымдастырылып келеді. Сәйкесінше, шараға қатысушы жастардың қатары да жыл сайын артып отыр.
Өткен апта соңында Сарысу ауданының төрінде ІІ облыстық «Маралтай оқулары» байқауы да жоғары деңгейде өтті. Оған Тараз шаһары мен облыстың барлық аудандарынан 6-11-сынып оқушылары қатысып, бақ сынады. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің құттықтауын аудан әкімінің орынбасары Қайрат Серимов, еліміздің Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың құттықтауын облыстық білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбек жеткізді.
Байқауға журналист, Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, ақын, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғалым Жайлыбай, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Хамит Есаман қатысып, жыр жауқазындарына сәттілік тіледі.
Байқауға облыс бойынша 28 үміткер қатысып, барлығы марапатқа ие болды. Үміткерлер арасынан Т.Рысқұлов ауданы бойынша бақ сынаған Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Арайлым Мейрамханқызы жүз өлеңді мәнерлеп жатқа айтып, бірінші орынға ие болса, арнау өлең бойынша Тараз қаласындағы Абай атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Аян Шораев бірінші орынды жеңіп алды. Осы ретте ақынға арналған додада ақындығымен оқ бойы оза шапқан жеңімпаздың өлеңін назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Нұржан ҚАДІРӘЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Көрерменді балалық шағымен қауыштырған классика
- Бүгін, 14:32
Халық театрларының халі мүшкіл
- Бүгін, 13:40
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді