Жаңалықтар
Республика күні қарсаңында Бас прокуратурада салтанатты жиын өтті
- author «Ақ жол»
- 25 қазан, 2023
- 209
Республика күні қарсаңында Бас прокуратурада салтанатты жиын өтті
Бас Прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев Бас прокуратура басшылығының атынан қадағалау ведомствосының жеке құрамын құттықтай отырып, Республика күні Мемлекет басшысының бастамасымен ұлттық мереке мәртебесіне ие болып, қазақстандықтардың күнтізбесінде ерекше орын алатынын атап өтті.
1990 жылы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданған күнінен бастап біздің Тәуелсіздігіміздің тарихы басталды.
Егеменді мемлекеттің негізгі қағидаттары ретінде аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы, қазақ ұлтының және басқа да ұлттардың өзіндік мәдениетін, дәстүрін, тілін жаңғырту мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту, сондай-ақ Конституция мен заңдардың үстемдігі бекітілді.
Декларацияда мемлекеттік биліктің негізгі институты ретінде Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап заңдардың дәл және біркелкі орындалуын қадағалау қызметі жүктелген прокуратура органдары көрсетілген.
Мемлекет басшысы айтулы күнге орай заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бірқатар прокурорлардың сіңірген еңбегін мемлекеттік наградалармен атап өтті.
Сондай-ақ Бас Прокурордың бұйрықтарымен ерекше жетістіктерге қол жеткізген, қызметтік борышын үлгілі орындаған прокуратура қызметкерлері мен жұмыскерлері ведомстволық медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шара соңында прокуратура органдары қызметкерлерімен ұйымдастырылған концерт өтті.
ҚР Бас прокуратурасы
Ұқсас жаңалықтар
Тиісті жұмыстар жүргізіледі
- 3 желтоқсан, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді