Жаңалықтар
Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының ШЕШIМI
- author «Ақ жол»
- 24 қазан, 2023
- 711
Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының ШЕШIМI
Тараз қаласы № 8-4 18 қазан 2023 жыл (кезектен тыс, сегізінші сессия) «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағы мына төмендегілерге берілсін:
- Әбілқасымова Алма Есімбекқызы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі;
- Берік Масат Әшімұлы – еңбек ардагері;
- Жабагиев Қожахан Көкірекбайұлы – «ЖетісуСтройИнвест-2030» ЖШС бас директорының кеңесшісі;
- Құлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің директорлар кеңесінің төрағасы;
- Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің «Экономика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры; экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі;
- Смаилов Асхан – еңбек ардагері;
- Төлегенов Руслан Қаншыбекұлы – «АСАР» Жамбыл облысының мүгедектер ұйымдарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы;
- Ыбыраев Маралтай Райымбекұлы – ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы поэзия кеңесінің төрағасы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
Облыстық мәслихаттың төрағасы А.Нұралиевм
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл Жамбыл болғалы, жыр санаға толғалы...
- 7 сәуір, 2026
«Aq jol» – уақыт сынынан өткен басылым
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




