Жеке кәсіпкерлер марапатталды
Сот үкімімен кінәлі деп танылып, темір торға тоғытылғандарды жұмыспен қамту – күнтәртібінен түскен емес. Бұл ретте Қылмыстық-атқару саласының қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар бірлесе жұмыс атқаруда. Нәтижесінде түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілердің басым бөлігі ақылы жұмыстарға тартылған. Жуырда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалында жабық мекемелерде жұмыс орындарын ашқан бірқатар жеке кәсіпкерлерді марапаттау рәсімі өтті.
25 қазан – Республика күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға өңірлік ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Еркін Нұрбаев, дәл осы департаменттің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы, әділет подполковнигі Аймен Тайтелиева арнайы қатысып, құзырлы орган тарапынан жеке кәсіпкерлерге алғыстарын білдірді.
- Өздеріңізге мәлім, түзеу мекемелерінде жазасын өтейтін жандарды қоғамға бейімдеудің бірден-бір жолы – еңбекке тарту. Осы тұрғыда ҚАЖ департаменті мен жергілікті атқарушы органдар және жеке кәсіпкерлер арасында әріптестік байланыс орнатылған. Бұл ретте жеке кәсіпкерлердің жауапкершілігі ешкімнен кем емес. Сол себепті, ұлттық мереке қарсаңында түзеу мекемесінің аумағында өз ісін дөңгелетіп отырған бірқатар кәсіпкерлерді марапаттауды жөн көрдік, - деді Еркін Нұрбайұлы.
Айта кетейік, бұл күні 21 жеке кәсіпкер, Тараз қалалық әкімдігінің бір қызметкері мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалының қос маманы марапатқа ие болды. Ал, өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекеме аумағында келісім-шарт арқылы жұмыс жасап жатқан «Запчасть», «Villa Строй», «ОРЦ Тараз» және «Компания Самұрық» жеке кәсіпкерлігінің басшылары Алғыс хатқа ие болды.
Нұрсұлу КЕНІШБАЕВА, №26 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді