«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Елімізге еркіндік сыйлаған мереке

Елімізге еркіндік сыйлаған мереке
ашық дереккөз
Елімізге еркіндік сыйлаған мереке
Ата-бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге биыл 32 жыл толып отыр. Бұл мерекенің еліміз үшін алар орны ерекше. Бұған дейін Тәуелсіздік күні 16 желтоқсанда тойланып келсе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Республика күні араға он үш жыл салып мерекелер тізіміне қайтарылды. Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек», – деп былтыр осы күнді мерекелер тізіміне қайтарған болатын. Президентіміздің бұл саяси шешімі егемендікке арқау болған декларацияны қабылдау туралы тарихи құжаттың салмағын еселеп, Тәуелсіздігіміздің тұғырын бекіте түсті. Сонымен, өткенге көз жіберер болсақ, 1990 жылы 25 қазанда «Қазақстанның егемендігі туралы» декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды. Енді, міне, бұл күн Тәуелсіздігіміздің бастауы, егемендігіміздің жеңісі ретінде Республика күні болып аталып өтілуде. Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін. Осы күнде жерлестерімді, тараздықтар мен облыс жұртшылығын Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!  

Мұқаш ЕСКЕНДІРОВ,

Қазақстанның Еңбек Ері,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Ұқсас жаңалықтар