«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Республика күніне орай Ақбақайда футбол алаңы пайдалануға берілді

Республика күніне орай Ақбақайда футбол алаңы пайдалануға берілді
ашық дереккөз
Республика күніне орай Ақбақайда футбол алаңы пайдалануға берілді
Республика күні қарсаңында Ақбақай ауылы тұрғындарының көптен сұранған өтінішіне сәйкес, кіші футбол алаңы ауыл халқы игілігіне пайдалануға берілді. Ауыл әкімі М. Белгімбаевтың айтуынша ауыл жастары футбол алаңының соғылып бітуін асыға көптен бері күткенін, аудандық бюджеттен 13,8 мың тг қаржы қаралып, мердігер жұмыстарды сапалы жүргізіп, уақытылы аяқтағанын айтты. Шалғай ауылдың қуанышын бөлісуге Мойынқұм аудандық мәслихатының депутаты, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ғ. Шубаева арнайы барды. Ғ. Шубаева өзінің құттықтау сөзінде Ақбақай ауылының аудан орталығынан ең шалғай орналасқан ауыл екенін, дегенмен мұндағы жастар да бұқаралық спортпен айналысуы үшін бюджеттен қаржы қаралып бүгін пайдалануға беріліп отырғанына қуанышын жеткізді. Жалпы ауданда биыл жыл басынан Мыңарал және Ұланбел ауылдарында демеушілер есебінен 2 футбол алаңдары пайдалануға берілгенін, ал бұл алаңша бюджет есебінен салынғанын айтты. Сондай- ақ осындай футбол алаңдары ауданымызда жыл соңына дейін тағы 3 ауылда ашылуы жоспарланып отырғанын тілге тиек етіп, жұртшылықты Республика күнімен құттықтады. Одан кейін Ақбақай ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы А. Мырзабеков ақсақал өз құттықтау сөзін айта келе елімізге тыныштық пен бейбіт өмір тілеп өз батасын берді. Ашылу рәсімі соңы аудандық мәдениет үйінің дайындаған ән шашуы мен ауыл жастарының футбол ойынына ұласты.  

Ұқсас жаңалықтар