Игерілмеген жерлерді игілікке пайдалансақ
Мемлекет басшысының былтырғы қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында: «Игерілмей жатқан жерді қайтарып алу жөніндегі комиссияның қызметіне жеке тоқталғым келеді. Комиссия жұмысының аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды. Жылдың соңына дейін кемінде 5 миллион гектар жерді қайтарып алу жоспарланып отыр. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуықтайды. Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың соңына дейін осы жерлерге қатысты нақты шешім қабылдауға тиіс. Қазір жер мәселесін тексеруге жарияланған мораторий де күшін жойды. Бұл қадам жұмысқа оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын», деп Үкімет пен әкімдіктерге нақты міндет жүктеді. – Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында игерілмей жатқан және заңсыз берілген 5 миллион гектар жерді жыл соңына дейін мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырма бергені белгілі. Облыс бойынша жалпы жерді қашықтан зондтау ғарыш жүйесі, яғни «JERINSPEKTOR» порталы арқылы 415,8 мың гектар жер игерілмегені анықталып, тексеруге ұсынылды. Нәтижесінде, 129,5 мың гектарға мал басы қайта тіркелді. 31,6 мың гектар жер телімдері иелерінің қайтыс болуларына байланысты қайта рәсімделді. Игерілмеген жер көлемі 254,7 мың гектар, оның ішінде 103,5 мың гектарына нұсқама берілді.
Президент тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет тарапынан әр облысқа мемлекет меншігіне қайтарылуы тиіс пайдаланбаған және заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерінің биылғы жоспары бекітілді. Оның ішінде, облыс бойынша жыл соңына дейін 200 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мемлекет меншігіне қайтару тапсырылды.
Бүгінгі күнге облыста құрылған жұмыс тобы пайдаланбаған жайылым жерлерді анықтау, мемлекет меншігіне жер пайдаланушылармен пайдаланылмай жатқан жерді өз еркімен қайтару және шара қолдану бағытында бірқатар жұмыстар жүргізуде. Қазіргі таңда облыс бойынша 114521 гектар жер өз еріктерімен мемлекет меншігіне қайтарылса, оның 11358,3 гектары егістік, 113382,7 гектары жайылым жер. Орындалуы 57,3 пайыз, – дейді облыс әкімдігі жер қатынастар басқармасының басшысы Ермек Карентаев.
Президент тапсырмасына сәйкес, облыстың елді мекен тұрғындарының мал басына жайылым қажеттілігіне талдау жүргізіліп, 2021 жылы 683 мың гектар жетіспеушілігі анықталған. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде, қажеттілік 164 мың гектарға төмендепті.
Жетіспеушілікті жүйелі түрде шешу мақсатында 5 бағыт бойынша нақты жұмыс қолға алынғаны белгілі. Бірінші, босалқы жер қорындағы жайылым жерлерді елді мекенге қосу бағытында 2021 жылы елді мекен жайылымы 363 мың гектар болса, қазіргі таңда 741 мың гектарға ұлғайып, 378 мың гектар елді мекен жайылымына бекітіліп берілген.
Екінші, елді мекенге жақын орналасқан 50,1 мың гектар жайылым жер қайтарылып, елді мекенге қайтарылған.
Үшінші, мал басы көп тұрғындардың малын орман қоры жеріне шығару ұйымдастырылып, 1,1 миллион гектар жайылымға 247 мың мал басы шығарылған.
Төртінші бағыттағы жер пайдаланушылармен кедергісіз мал жаюға жасалған меморандум да нәтижесін беріпті. Көлемі 515,5 мың гектар болатын 2095 шаруа қожалығымен меморандум жасалған. Ал бесінші бағыттағы игерілмеген және заң талаптарын бұза отырып пайдаланудағы жерлердің 2021 жылы жалпы 106,3 мың гектар пайдаланбаған жер қайтарылса, былтыр 201 мың, биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша 114,5 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.
Облыс бойынша қолда бар мал басына қажетті жайылым жер есептеліп, 3,9 миллион гектарды құраған. Облыс көлеміндегі ауыл шаруашылығы айналымындағы және елді мекендердің жайылым жерлерін қоса алғанда, 4,3 миллион гектары жайылым екенін ескерсек, жалпы алынатын мал басына жайылым жер жеткілікті.
Дегенмен, облыс орталығына жақын, халық тығыз орналасқан Жамбыл, Байзақ, Жуалы аудандарының елді мекен жерлерінде жайылым жетіспейтін көрінеді. Бұл аудандарға «Ауыл аманаты» бағдарламасына мал шаруашылығы емес, қалаға жақын болуына байланысты бақша дақылдарын, жылыжай, құс шаруашылығы, балық шаруашылығымен және мал бордақылаумен айналысу ұсынылған.
Облыс әкімдігі жер қатынастары басқармасының мәліметіне қарағанда, облыстың әкімшілік аумағы былтырғы 1 қарашаға 14427,5 мың гектарды құраса, оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жері 4675,8 мың, елді мекендер жері 845,2 мың, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлер 174,9 мың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері – 11,6 мың, орман жер қоры – 4429 мың, су қорының жерлері – 356,1 мың және босалқы жерлер – 1463,3 мың гектар.
Облыс аумағында ең көп ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер бола тұра жайылымдық жер жетпей жатады. Жайылым жетіспеушілігін анықтау мақсатында облыстың прокуратура органдарымен бірлесіп зерделеу жүргізіліпті. Нәтижесінде, елді мекендерге 683 мың гектар жайылым жетіспеушілігі анықталған. Қазіргі кезде мәселені жүйелі түрде шешу үшін 5 бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде.
Жер кодексінің 36-бабына сәйкес, ауылдық округ теңгеріміне босалқы жерлер санатындағы жайылым жерлерді елді мекенге беру жұмыстары басталған. 2021 жылы жалпы республика бойынша 1,8 миллион гектар жайылымдық жер қайтарылып, оның 730,2 мың гектары жергілікті халыққа пайдалануға берілген. Оның ішінде облыста 227,5 мың гектар, 170 мың гектар ауылдық округтерге бекітіліп беріліпті. Ортақ жайылым жерлердің пайдалануға беріліп кеткен бөлігін елді мекендерге қайтарып беру жүргізілуде. Осы жерлер және елді мекендер аумағына 5 шақырым радиуста жақын орналасқан 199,6 мың гектар жайылым жерлерді ауылдық округтерге бекітіп беру басталған. 2021 жылы 13,6 мың, 2022 жылы 24,1 мың гектар қайтарылып бекітілсе, биылғы 9 айда 15419,7 гектар қайтарылып, жұмыс жалғасуда. Мал басы көп тұрғындардың малын орман қоры жеріне шығару ұйымдастырылуда. Орман қорындағы 1,08 миллион гектар жайылымға 242,9 мың мал басы шығарылған. Жер пайдаланушылармен өнімі жиналып алынған жерлерге кедергісіз мал жаюға меморандум жасау жұмыстары жүргізілуде. Көлемі 486,5 мың гектар болатын 2095 шаруа қожалығымен меморандум жасалған.
Игерілмеген және заң талаптарын бұза отырып, пайдаланудағы 252,3 мың гектар жайылым жердің 2021 жылы жалпы 106,3 мың гектар пайдаланбаған жері қайтарылса, биыл жалпы 201 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.
2022 жылы жалпы жерді қашықтан зондтау ғарыш жүйесі арқылы 415,8 мың гектар жер игерілмегені анықталып, тексеруге ұсынылыпты. Нәтижесінде, 129,5 мың гектарға мал басы қайта тіркелген. Игерілмеген жер көлемі 254,7 мың гектар болып, оның 103,5 мың гектарына нұсқама берілген. Биылға қайтару жоспары 200 мың гектар болып бекітіліп, 9 айда барлығы 133,4 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Алайда, жыл аяқталуға екі айдан аса ғана уақыт қалды.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау Үкіметтің немесе облыстық әкімдіктің ғана міндеті емес. Бұған аудан, ауылдық округ әкімдері де жауапты. Заңсыз алған немесе игерусіз жатқан жерді бай да, басқа да мемлекетке қайтаруға міндетті. Тағы бір мәселе – қай ауданның қай ауылында болмайық, елді мекеннің іргесінде қаптаған қалың малдан әлі де көз тұнады. Тіпті, ауыл ішінде де өріп жүр. Бұл енді, ата кәсіп – мал шаруашылығының өсіп-өркендегені. Алайда, малы көп ағайын төрт түлікті сыртқа шығару керек. Оған жағдай жасалып та жатыр. Экологиялық талаптарды сақтап, малдан жұғатын жұқпалы аурудан сақтанамыз, әрі ауыл-аймақты жасыл желекпен көмкереміз десек, солай болуы тиіс.
Амангелді ӘБІЛ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді