«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ербол Қарашөкеев бірқатар белсенді жастармен кездесті

Ербол Қарашөкеев бірқатар белсенді жастармен кездесті
ашық дереккөз
Ербол Қарашөкеев бірқатар белсенді жастармен кездесті
Бүгін облысымыздағы бірқатар белсенді жастармен кездестім.  Еркін форматта өткен кездесуде ашық әңгімелесіп, өзекті мәселелер мен олардың шешу жолдарын талқыладық. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға үлкен үміт артып отыр. Ел болашағы-жастардың қолында. Жастар саясатын дамыту жөніндегі жұмыстар әрдайым облыс басшылығының назарында болуы тиіс. Бүгінде еліміздің өңірлері арасында дарынды жастардың бәсекелесі қызу қарқын алуда. Басты міндеттердің бірі - жас жамбылдықтардың өңірімізде тұрақтауы үшін нақты шаралар қабылдау. Қазіргі кезде облыста сапалы білім беру, салауатты өмір салтын ұстану, жұмысқа орналастыру және кәсібилікті дамыту үшін жан-жақты шаралар қолға алынуда. Бұл тұрғыда барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, тиімді әлеуметтік тәуекелдерді белгілеу қажет. Осы орайда алғашқы нақты қадамдар жасалуда. Денсаулық сақтау, білім беру және спорт салаларындағы басшылардың облыстық кадрлық резерві құрылатын болады.  Алдағы уақытта біз жаңа жұмыс орындарын құруға жұмыла әрекет етіп, жан-жақты жұмыс істеуіміз керек. Тойхана, кафе және басқа да осындай көңіл көтеру нысандарының орнына жамбылдық кәсіпкерлерді шағын және орта өндірістік кәсіпорындар ашуға шақырудамыз. Бұл жас мамандарды жұмысқа орналастыруға үлкен мүмкіндік береді. Облыста жастардың саны 354 мыңнан асады десек, бұл облыс халқының 29,1 пайызын құрайды. Жастардың шамамен 60 пайызы ауылда тұрады. Ауылдық елді мекендерді дамытуға, дарынды жастарға жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Қоғамның қозғаушы күші болып табылатын жастармен жиі кездесуге дайынмын. Жақын болашақта өңір халқының өмір сүру сапасы жастардың өмірлік ұстанымына байланысты болары сөзсіз. Сондықтан, олар ұсынған барлық пайдалы және маңызды жобаларды барынша қолдайтын боламыз.

Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ

Жамбыл облысының әкімі

Ұқсас жаңалықтар