Басты жаңалық
«Әулиеата» командасы көкпардан Қазақстанның 13 дүркін чемпионы атанды
- author «Ақ жол»
- 17 қазан, 2023
- 730
«Әулиеата» командасы көкпардан Қазақстанның 13 дүркін чемпионы атанды
Жамбыл облысының «Әулиеата» командасы көкпардан Қазақстанның 13 дүркін чемпионы атанды.
Тараз қаласында ұйымдастырылған көкпардан ересектер арасындағы ХХІІ Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.
Чемпионатқа еліміздің 15 өңірінен 171 спортшы қатысты. 10 күнге созылған дүбірлі додада Жамбыл облысының «Әулиеата» көкпар командасы жеңіске жетіп, Қазақстанның 13 дүркін чемпионы атанса, Қостанай облысының көкпар командасы күміс медальға қол жеткізді. Түркістан және Қызылорда облыстарының командалары қола медальдің иегерлері атанды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы көкпар федерациясының тағайындаған ақшалай сыйақысымен марапатталды: 1 орын – 3 000 000 теңге, 2 орын – 2 000 000 теңге, 3 орын – 1 000 000 теңге.
Сондай-ақ, Чемпионат барысында шебер өнер көрсеткен спортшыларға «Үздік ойыншы» (Тұрғанбек Құрманбек – Жамбыл облысы), «Үздік шабуылшы» (Сұлтанов Оралхан – Қостанай облысы), «Үздік қорғаушы» (Медетбек Балғынбек – Қызылорда облысы), «Үздік сәйгүлік» («Нұрқасқа» Түркістан облысы), «Үздік төреші» (Меңдіғалиев Ақылбек - БҚО), «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» (Полат Саттархан – Қостанай облысы) жекелей номинациялар бойынша 200 000 теңгеден жүлде, дипломдар мен медальдар табысталды.
Сонымен қатар, Чемпионат бағдарламасында жекпе-жек аттарының да сайысы ұйымдастырылып, астаналық «Ақжал» сәйгүлігі чемпион атанды. 2-ші орынды иеленген Шымкент қаласының «Хазбик» атты сәйгүлігі болса, 3-орын түркістандық «Қаhарман» сәйгүлігіне бұйырды.
Жекпе-жек аттары сайысының жеңімпазы мен жүлдегерлеріне де ақшалай сыйақы табысталды: 1 орын – 1 000 000 теңге, 2 орын 500 000 теңге, 3 орын – 300 000 теңге, 4,5 орындарға – 100 000 теңге берілді.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: биыл 800 мың тонна қоқыс қалдығы жиналды
- 4 желтоқсан, 2025
«Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді
- 3 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




