Басты жаңалық
Тараз тұрғыны «Үнді» қарасорасын сатумен айналысқан
- author «Ақ жол»
- 17 қазан, 2023
- 685
Тараз тұрғыны «Үнді» қарасорасын сатумен айналысқан
1 стақаны 20 мың теңге: Тараз тұрғыны «Үнді» қарасорасын сатумен айналысқан
Таразда полиция қызметкерлері есірткі сатқаны үшін 35 жастағы тұрғынды ұстады.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2023-2025 жылдарға арналған есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы күрестің кешенді жоспарын орындау мақсатында «Қарасора-2023» ЖПІШ шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді.
Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде сарайдан өсімдік тектес кептірілген заттары бар пакеттер және бақшасынан ерекше иісі бар жасыл түсті 10 түп өсімдік табылды.
Сараптама қорытындыларына сәйкес, зерттеуге ұсынылған өсімдіктер «қарасора» есірткісі, ал қолдануға дайын кептірілген зат – жалпы салмағы 1 келі 700 гр болатын марихуана болып шықты. Сондай-ақ 16 калибрлі 4 патрон тәркіленді.
Ер адам «Үнді» қарасорасын бақшасына егіп, бір стақанын 20 мың теңгеге сатқан.
- Ұсталған адам кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігімен «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жіберу немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Баптың санкциясы мүлкін тәркілеп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, - деді Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Дінмұхамбет Қойториев.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Ұлт болашағын айқындайтын ең маңызды шаруалар енді басталады
- 22 қаңтар, 2026
Қайтыс болып кеткендер де дәрігердің қабылдауында болған
- 20 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




