Басты жаңалық
Ақша, есірткі және жезөкшелер: Таразда притон жабылды
- author «Ақ жол»
- 17 қазан, 2023
- 856
Ақша, есірткі және жезөкшелер: Таразда притон жабылды
Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлерімен жезөкшелік притонын және жеңгетайлық қызметті ұйымдастырғаны үшін Тараз қаласындағы сауналардың бірінің 39 және 54 жастағы әкімшілері қамаққа алынды. Әйелдердің сыйақы үшін интимдік қызмет көрсететін қыздар мен саунаға келушілер арасында делдалдық жасағаны анықталды. Жедел уәкілдермен тінту барысында 197 мың теңге көлемінде ақша, клиенттерді қабылдау журналы, ұялы телефондар, сондай-ақ, әкімші бөлмесінен жалпы салмағы 5,20 грамм "гашиш" есірткі заты және контрацепция құралдары тәркіленді. Сонымен қатар, интимдік қызмет көрсететін 6 қыз ұсталды.
Мекеменің иесі де анықталды. Оған және екі әкімшісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 2-бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Сонымен қатар, жезөкшелікпен айналысу мақсатында үй-жай ұсынғаны үшін сауна иесі ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ағымдағы жылдың басынан бері Жамбыл облысы аумағында интимдік қызмет көрсететін 3 притон анықталып, жабылды. Қазіргі таңда барлық деректер бойынша тергеу іс - шаралары жүргізілуде.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Ұлт болашағын айқындайтын ең маңызды шаруалар енді басталады
- 22 қаңтар, 2026
Қайтыс болып кеткендер де дәрігердің қабылдауында болған
- 20 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




