Іргелі істерді ілгерілеткен ілім ордасы
65 жылдық тарихы бар М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті экономиканың қазіргі және келешектегі қажеттіліктерін өтей алатын жоғары кәсіби білімі бар мамандарды даярлауда және ғылыми-зерттеу бағытын белсенді түрде дамытып келеді. Тәуелсіз мемлекеттер достастығында тұңғыш рет Дулати университеті, Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті және «Қазфосфат» ЖШС бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша желілік кампустың жобасы іске қосылды. Сонымен қатар, химия саласы бойынша болашақ кадрларды даярлау мақсатында Тараз қаласының мектептерінде 7 қазаннан бастап «Менделеев сыныптары» ашылды.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен Дулати университеті су шаруашылығы саласы бойынша қажетті кадрларды даярлау жөніндегі базалық оқу орны ретінде белгіленді. Бүгінгі таңда Дулати университеті су саласының ұйымдарымен консорциалдық келісімге қол қойды. Оның құрамына республикамыздың 6 жоғары оқу орны және 5 ғылыми ұйымы кіреді. Айта кету керек, елімізде ең алғаш «Су шаруашылығы» мамандары дәл осы дулати университетінен түлеп ұшқан. Сол себепті де оқу орнының техникалық базасы ең ірі, бірегей болып саналады.
Бүгінгі таңда дулатилық ғалымдар 15 ғылыми жоба аясында ауқымды зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл жобалардың жалпы құны 595,67 миллион теңгені құрайды. Университет ғалымдарының ғылыми әлеуетін арттыру мақсатында «Project office DU» офисі құрылды. Аталмыш офис ғылыммен айналысатын студенттер, магистранттар мен докторанттарға өз идеяларын шыңдап, ғылыми жобаларын сәтті жүзеге асыруға көмектеседі. Офис өз жұмысының оң нәтижесін көрсетіп келеді.
Бүгінде университет өңірлік деңгейдегі пилоттық жобаларға бастамашы болып отыр. Ғалымдар қуаттылығы 5 КВТ «Шағын ГЭС» пилоттық жобасын әзірледі. Жоба сәтті сынақтан өткізілген жағдайда Тараз қаласында жалпы ұзындығы 83 километрді құрайтын арналарға орнатылады.
Мұның барлығы – Дулати университеті профессор-оқытушылар құрамы мен ғалымдарының тынымсыз еңбегінің арқасы.
Шәкәрім ақын:
Қай ғылымды білсеңіз де,
Қазір оны елге жай.
Құр ішіңде кеткенінше,
Пайдалансын өзгелер, – дегендей, осындай ілкімді дүниелерге бастамашы болып отырған Дулати университетіне министрліктің атынан зор табыс пен шығармашылық шабыт тілеймін!
Саясат НҰРБЕК,
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі.
Ұқсас жаңалықтар
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
«Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі» атты кездесу өтті
- 24 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді