Жаңашыл журналист
Мемлекетіміз үшін жаңашылдықтан қашпайтын, тың бастамаларға бастайтын талапты мамандар аса қажет. Әсіресе, қазіргідей қым-қиғаш уақытта бір сарынмен жүре беруге болмайды. Қай кезде де жаңашылдықтың қажет екенін түсінген маманның бірі – Зарина Қуатова. Заринада ұйымдастырушылық қабілетпен қатар, сөз төркінін таныған бабаларынан дарыған шебер сөйлейтін қасиет те бар. Қастерлі ана тілімізде көркем сөйлей білудің өзі – құндылық. Білімге құштар Зарина Қуатова бұрынғы Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің Тараз филиалын, мұнан соң М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша бітірген.
Қай кезде де белсенділігі жоғары Зарина облыстық «JambyI» телеарнасының редакторы қызметінде де абыройлы болды. «KAZYNA TAU»–77 TV» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас редакторы, кейіннен директоры қызметіне тағайындалды. Аталған телеарнаны ұзақ жыл басқара жүріп, талай тәуекелге барды. Жекеменшік негізде құрылған телеарнаны сапалы мамандармен қамту, ел назарын аударатын бағдарламалар әзірлеу, жас мамандарды қиындығы мол журналистиканың қыр- сырына баулу – табандылықты қажет етті. Зарина сенімді ақтап, жаңашыл да тәуекелі мол жұмыстың үдесінен шыға білді.
Зарина Қуатованың іскерлігі облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасына қарасты «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің басшысы қызметінде одан әрі жарқырап көрінді. Осы қызметте жүріп өңірдің рухани саласына өз үлесін қоса білді. Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі қызметінде де ұйымдастыру ісіне шебер екенін байқатты. 400 мыңнан астам тұрғыны бар үлкен шаһардың сан алуан шаруаларына тікелей жауапты әкімнің ақылшысы болу қайдан жеңіл болсын. Бұл жұмыстың да үдесінен шықты.
Зарина табандылығынан танбай жүріп «Taraz 24» сайтын ашқан еді. Көп ұзамай ол «Taraz 24» телеарнасына айналды. Ол бұл күнде аталған телеарнаның директоры. Мұнда да отызға жуық маман еңбек етеді. Өзінің саласы десек те, телеарна жұмысына басшы болып, мамандарды жұмысқа үйлестіру оңай шаруа емес. 2023 жылдың наурызында Тараз қалалық мәслихаттың VІІІ шақырылымына депутат болып сайланды. Тараз қаласының шалғай ауылдарынан сайланған Зарина қазіргі таңда сол аймаққа жиі барып, тұрғындардың мәселесін көтеріп жүр. Халық қалаулысы ретінде де өзіне артылған сенімді ақтап отыр.
– Әр жұмыстың өз қиындығы болады. Әсіресе, жаңадан ашылған мекемелердің жұмысын үйлестіру оңай емес. Облыстық жекеменшік телеарнаға басшы ретінде таңдау маған түскенде толқығаным рас. Бірақ, бірден іске кірісіп кеттім. Қиындықсыз болды деп айта алмаймын. Алайда, ауырлықты сәтімен шеше білдік. Қай кезде болмасын аз ғана жетістікке жетсем - марқұм анамның, мектептегі ұстаздарымның, алдыңғы толқын аға-әпкелер Қалыбек Атжан, Жасұлан Әбдіхалық, Асқарбек Сейілхан, Ғайни Әлімбекқызы, Сұлушаш Сәтбекқызы, Қуаныш Иембердиев, Ержан Жылқыбаев секілді жандардың қолдауымен жақсы табысқа жеттім. Кейіннен мемлекеттік қызметте көзге түскенімді еңбегімнің жемісі, жақсы адамдардың шапағаты деп білемін, – дейді Зарина Қуатова.
Ол отбасында үлгілі ана, ұлағатты келін. Жары екеуі саналы перзенттер тәрбиелеп келеді. Зарина Қуатованың алдағы уақытта да талай жарқын істерді жүзеге асыруға мүмкіндігі мол.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді