Салауатты ауылдар сайысқа түсті
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының «Дені сау ұлт» жобасы аясында облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасы бойынша «Салауатты ауылдар» байқауы өтті. Меркі аудандық орталық ауруханасының ұйымдастыруымен өткен сайысқа Ақермен, Аспара, Ақтоған ауылдары арасында спорттық жарыс өткізілді. Іс-шара барысында денсаулық сақтау саласының мамандары оқыту- жаттықтыру шеберлік сағаттарын өткізді. Сонымен қатар, марафон мен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды профилактикалық тексерулерден өткізіп, бейінді мамандардың, атап айтқанда, рентгенге түсу, УДЗ маманы, кардиолог, уролог, невропатолог, окулист, оториноларинголог, стоматология саласы бойынша түрлі кеңес беріп, ауырмаудың жолын іздеуге атсалысты.
Ауыл тұрғындарын дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысуға тарту үшін ұйымдастырылған іс-шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Жанар Оспанова мен аудан әкімдігі басшылығы, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысып, денсаулық негіздері туралы мотивациялық сөздер айтып, халықты салауатты өмір сүруге шақырды.
Ал, шалғай ауылдық елді мекендерде тұратындарға жылжымалы медициналық кешен көмегі көрсетілді. Шара кең көлемде, жоғары деңгейде өткізіліп, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ауыл ақсақалдары ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, баталарын берді.
– Ауыл ішінде денсаулықты жақсарту мақсатындағы жарыстың қолға алынуы, сан алуан емдеу тәсілін меңгерген дәрігер мамандардың тексерісінен өтіп, кеңестерін тыңдау ауыл тұрғындары үшін ауадай қажет-ақ. Күнделікті ауылдың күйбең тіршілігінен қалаға жиі қатынамайтындықтан, мұндай шара ауылдықтардың көңілін көтеріп қана қоймай, денсаулығының сапасы жақсаруына да ықпал етеді, – деді Ақтоған ауылының тұрғыны Айгүл Маратқызы.
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді