Басты жаңалық
Таразда автокөлік жуу орнының жұмысшысы көлік ұрлаушы-рецидивист болып шықты
- author «Ақ жол»
- 12 қазан, 2023
- 825
Таразда автокөлік жуу орнының жұмысшысы көлік ұрлаушы-рецидивист болып шықты
"Range Rover" люкс маркалы автокөлікті көлік жуу орнының қызметкері ұрлап кеткендігі туралы хабарламамен "102" тетігіне 38 жастағы автокөлік иесі жүгінді. Мас күйдегі көлік жуушы күзетшіден автокөлік кілттерін алаяқтық жолмен иемденіп, қала ішінде серуендеуге шешім қабылдап, көп ұзамай Алматы қаласына қарай бағыт алған.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 3-бөлігімен (Айдап кету) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Барлық полиция бөлімдеріне көлік құралының деректері көрсетілген бағдарлар жіберілді. "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автожолының 315-шақырымында патрульдеу жүргізіп жүрген ПД ППБ 2-взводының қызметкерлері аталған автокөлікті байқап, оны тоқтату шараларын қабылдаған.
Полиция инспекторлары Қостанай облысының 19 жастағы тұрғынын ұстады. Оның осындай қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет сотты болғандығы анықталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




