Ән әуелеген әуезді кеш
Құс қанатымен шертіліп, самалы самала сазға айналған сары алтын күз мезгілі Тараз шаһарында «құлақтан кіріп, бойды алар» әсем ән мен тәтті күй төгілген өнер мерекесіне айналды. «Күзгі әуен» деп аталған классикалық өнер кешіне облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған аймақ жұртшылығы қатысып, талант иелерінің шеберлігіне куә болды. Мезгіл лирикасымен үндескен өнер кеші жиырма ғасырдың жауһарына айналған Тараз қаласында отандық классикалық музыка кеңістігіндегі танымал музыканттар мен белгілі әншілердің шығармашылығын насихаттау, отандық опера орындаушылары арқылы көрерменді сахна мәдениетін тануға, классикалық үлгідегі кәсіби музыканы тыңдай білуге, бойына сіңіруге баулу, классиканың таңғажайып сырлары бар мелодияларының үнде суімен көрермендердің ішкі сезім күйлеріне әсер беріп, рухани жан дүниесін байыту, классикалық өнерге деген жаңа көзқарас қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Ашық аспан астында өткен өнер кешіне облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, жергілікті зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысып, таланттардың өнеріне жоғары бағасын берді. Шымкент қалалық опера және балет театрының симфониялық оркестрінің «Увертюра» туындысын сүйемелдеуімен кештің шымылдығы түрілді.
Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының халық шығармашылығы орталығы өткізген кеште әлем операсының алтын дауысы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Майра Мұхамедқызы, опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова, танымал скрипкашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жамиля Серкебаева, халықаралық конкурстардың лауреаттары Әсел Уашева, Айна Қалмағанбетова, Бахром Муминов сынды өнер шеберлері әлемнің және еліміздің классикалық туындыларын жанды дауыста орындады.
Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында өткен өнер кеші классиканың таңғажайып сырлары бар мелодиялардың үнде суімен көрермендердің көңілін толқытты.
Кеш соңы Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен қорытындыланып, өнерпаздарға облыс әкімінің «Ықылас гүлі» тарту етілді.
Нұржан ҚАДІРӘЛІ
Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
Ұқсас жаңалықтар
Көрерменді балалық шағымен қауыштырған классика
- Бүгін, 14:32
Халық театрларының халі мүшкіл
- Бүгін, 13:40
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді