Басты жаңалық
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 580 мыңға жуық адам қатысты
- author «Ақ жол»
- 11 қазан, 2023
- 671
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 580 мыңға жуық адам қатысты
Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 577,4 мың адам қатысты. 398,3 мың адам жұмысқа орналасты, оның 220,3 мыңы тұрақты жұмыс, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Субсидияланатын жұмыс орындарына 177,9 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 16,7 мың адам, жастар практикасымен 26,1 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 113,5 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 7,6 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 390 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 13,7 мың адам жұмыспен қамтылды.
Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 40,1 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 36,6 мыңы оқуды аяқтады.
Сондай-ақ «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 123,8 мың адам қамтылды, оның ішінде 93,1 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.
Қызмет саласын таңдау мақсатында 95,3 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.
Бұдан басқа, 2023 жылы Ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК (1 380 000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген. Жыл басынан 5397 грант берілді.
Ұқсас жаңалықтар
Ұлт болашағын айқындайтын ең маңызды шаруалар енді басталады
- 22 қаңтар, 2026
Қайтыс болып кеткендер де дәрігердің қабылдауында болған
- 20 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




