«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Түркиядан Анталья журналистер одағының төрағасы Идрис Таш бастаған арнайы делегация келді

Түркиядан Анталья журналистер одағының төрағасы Идрис Таш бастаған арнайы делегация келді
ашық дереккөз
Түркиядан Анталья журналистер одағының төрағасы Идрис Таш бастаған арнайы делегация келді

4 қазан күні Астана қаласына Түркиядан Анталья журналистер одағының төрағасы Идрис Таш бастаған арнайы делегация келді. Түркітілдес журналистер қоры шетелдік меймандарды әуежайдан күтіп алды. 4-7 қазан арасында болатын жобада ресми кездесулер, Астанаға пресс тур мен экскурсия ұйымдастыру жоспарланған.

Түркітілдес журналистер қоры мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы (World Foreign Press Association - WFPA) «Шеврон» компаниясының серіктестігінде 2023 ж.

5 қазан күні Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада БАҚ өкілдерінің басқосуы мен «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбына семинар-тренинг өткізді.

Делегация құрамында «ТРТ» телеарнасының Анталья филиалы басшысы Мухаммед Ахмет Өджал, «Аkdeniz manşet» және «Іleri» газеттерінің қожайыны Мехмет Шифа Чичек, , «ТРТ» телеарнасының продюсері  Хайреддин Дениз, «Анадолы агенттігі» тілшісі СүлейманЭльчин, «Hürses» газетінің қожайыны Эрсин Айдын, «Кemer sözcü» газетінің қожайыны Ахмет Дуран Йенигүн,  Акдениз университеті журналистика факультеті деканының орынбасары Ышык Түнчел бар.

Қор жанынан құрылған Медиа тренерлер мектебінің мүшесі, Түркиядағы Акдениз университеті Журналистика факультетінің аға оқытушысы Ышыл Түнчел «Дата журналистика»туралы тәжірибесімен бөлісті.

Медиа тренерлер мектебінің мүшесі, кәсіби журналист, IT саласының маманы Мейіржан Әуелханұлы «Журналистикадағы жасанды интеллект» туралы тәжірибесімен бөлісті.Жасанды интеллект арқылы қалай контент жасап үйренуді түсіндіріп, тәжірибе жүзінде көрсетті.  

Анталия журналистер одағы делегациясы іскерлік сапар барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры»,  «Қазақстан» РТРК» АҚ-да  арнайы кездесу ұйымдастырып, отандық телеарнаның жұмысымен танысты. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне арнайы барды. Түркия TRT телеарнасының Қазақстандағы филиалының жұмысымен танысты.

Бірнеше күнге жалғасқан сапар аясында шетелдік меймандардың Еуразия Ұлттық университеті Журналистика факультетінің студенттерімен кездесуі жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар